Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы N 145 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 384 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1263 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік кұралдарының тиесілілік табелінде:

      "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Жедел Жедел жұмыс Қазақстан Республикасы

       үшін Көлік және коммуникация

       министрлігінің "Кеме қатынасы

       тіркелімі" мемлекеттік

       мекемесі 1".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі