Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі N 375 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1170 Қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.08 № 1170 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Жанат Мұратұлы Қожахметов Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болып тағайындалсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов