Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 552 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі N 368 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224  қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
 

      1-тармақтың 10) тармақшасының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
      Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі бойынша:
      көрсетілген қаулыға  84-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы "KazSat" деген сөзден кейін "және "Intelsat" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов