Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.02.26. N 220 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен);
2) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 42, 489-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:
"Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері" деген 2-бөлімде:
"Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету" деген 3-кіші бөлімде:
2-кезеңде: 2008 жыл:
"Бұл ретте, елдің ипотека нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар жағдайды реттеудің екі тетігін пайдаланатын болады." деген абзацтағы "екі тетігін" деген сөздер "мынадай тетіктерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
"3-тетік.
Бұл тетік ұсынысты қысқарту және сұранысты арттыру жолымен тұрғын үй нарығының теңгерімділігіне қол жеткізу мақсатында қолданылады. Ол өзіне мынадай іс-әрекеттерді қамтиды:
1) Астана қаласы әкімінің құрылыс объектілерінде құрылыс салушылардан пәтерлер сатып алуы;
2) ұлттық холдингтердің, ұлттық басқарушы компанияның және олардың еншілес ұйымдарының қызметкерлер арасында одан әрі бөлуі үшін салынып жатқан үйлерде пәтерлер сатып алуы.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"20. |
Тұрғын үй
|
Қазақ-
|
Қаржы-
|
2008
|
41
|
Респуб-
|
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов