Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы N 1125 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 345 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1173 қаулысымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.07.27 N 325 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 19-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары мен ішкі әскерлерінде әскери-дәрігерлік сараптамалау туралы ережелер мен Дәрігерлік куәландыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 24 желтоқсандағы N 470 бұйрығына (N 716 болып тіркелген; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 10 ақпандағы N 99 (N 2727 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 мамырдағы N 237 (N 4240 болып тіркелген, 2006 жылғы 21 маусымда N 112 (1092) "Заң газетінде" жарияланған) бұйрықтарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік сараптама туралы ережені және Бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары дәрігерлік куәландыру ережесін бекіту туралы";

      1, 2-тармақтарда мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік сараптама туралы ереже (N 1 қосымша) бекітілсін.
      2. Бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары дәрігерлік куәландыру ережесі (N 2 қосымша) бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрыққа N 1 қосымшаның мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік сараптама туралы ереже";

      көрсетілген бұйрыққа N 2 қосымшада:

      мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары дәрігерлік куәландыру ережесі";

      40-тармақта:
      бірінші абзацта "(бастапқы мен қайталама)" деген сөздер алынып тасталсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Алдын ала куәландыру өткізілгеннен кейін анықтама (Ережеге 9-қосымша) және медициналық куәландыру картасы үміткерді жолдаған кадр аппаратына әскери-дәрігерлік комиссия отырысының хаттамалар кітабына олардың берілгендігі туралы белгі қойылып, тапсырылады.";

      үшінші абзац алынып тасталсын;

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "43. Алдын ала куәландыру кезіндегі зерттеу нәтижелері медициналық куәландыру картасының тиісті бағандарына енгізіледі.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "44. Алдын ала куәландыру қабылдау емтихандарына дейін кем дегенде 4 ай бұрын жүргізіледі. Соңғы куәландыру оқу орындарына қабылдау өткізу кезінде жүргізіледі.";

      48-тармақта "Сырттай оқу түріне, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын;

      50-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "50. Алдын ала куәландыру қорытындылары әскери-дәрігерлік комиссия отырысының хаттамалар кітабына енгізіледі. Оқуға түсуге жарамсыз деп танылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың амбулаторлық науқастың медициналық картасында қосымша диагнозының негіздемесі мен қорытынды көрсетіледі.";

      60-тармақта "(бастапқы мен қайталама)" деген сөздер алынып тасталсын;

      61-тармақ алынып тасталсын;

      181-тармақтың 3)-тармақшасының бесінші абзацында "бастапқы және қайталама" және "қайталама куәландырудан соң" деген сөздер алынып тасталсын;

      184-тармақта:
      5)-тармақшасында ", сырттай нысанына" деген сөздер және "алғашқы" деген сөз алынып тасталсын;

      соңғы абзацта "және сырттай" деген сөздер алынып тасталсын;

      11-қосымшада:
      "Картаның медициналық бөлігі" деген 2-бөлімде:
      бірінші және екінші жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"

Атауы

Алдын-ала іріктеу

Соңғы іріктеу

1

2

3

                                                            ";
      "Әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы" деген 3-бөлімде:

      3.1-тармақтың атауында "Бастапқы" деген сөз "Алдын ала" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қайталама медициналық куәландыру" 3.2.-тармақ алынып тасталсын.

      2. Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (Н.Қ. Нұрғазин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Б. Мұхаметжанов