Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 343 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағының, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармағының негізінде 2007 жылдың 19 сәуіріндегі Петровка селосының тұрғындар жиынының хаттамасына сәйкес Шортанды ауданының ономастика және тіл саясаты жөніндегі комиссияның 2007 жылғы 3 шілдедегі № 4 шешімімен Петровка селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Шортанды ауданы Петровка селолық округі әкімінің 23.07.2015 № 14 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Петровка селосы көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      1) Ленин көшесі - Жамбыл көшесіне,
      2) Калинин көшесі - Құрманғазы көшесіне,
      3) Куйбышев көшесі - Мүсірепов көшелеріне,
      4) Горький көшесі - Төле би көшесіне,
      5) Қазанның 70 жылдығы көшесі - Желтоқсан көшесіне.
      2. Осы шешім Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа түседі.

      Петровка селолық
      округінің
      әкімі                                      В.Игнатов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Шортанды ауданы
      мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Т.Бартош