Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 наурыздағы N 308 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:

      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген бөлімде:

      "еңбек және халықты әлеуметтік қорғау" деген сөздер "бақылау және әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Арнайы Ұйымдардағы еңбек Бақылау және әлеуметтік

       жағдайларына және қорғау департаменті:

       өндірістегі жазатайым Ақмола облысы бойынша 2

       оқиғаларды тексеру Ақтөбе облысы бойынша 2

       кезіндегі даулы Алматы облысы бойынша 2

       мәселелер бойынша Атырау облысы бойынша 2

       жедел зертханалық Шығыс Қазақстан облысы 3

       өлшеу жүргізу үшін бойынша

       Жамбыл облысы бойынша 2

       Батыс Қазақстан облысы 2

       бойынша

       Қарағанды облысы бойынша 3

       Қызылорда облысы бойынша 1

       Қостанай облысы бойынша 2

       Маңғыстау облысы бойынша 2

       Павлодар облысы бойынша 2

       Солтүстік Қазақстан облысы 1

       бойынша

       Оңтүстік Қазақстан облысы 2

       бойынша

       Астана қаласы бойынша 2

       Алматы қаласы бойынша 2".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі