Қазақстан Республикасында төрелік соттар жүйесінің жойылуына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының мынадай қаулыларының:
1) "Шығындарды өндіру туралы дауларды қараудың тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының 1994 жылғы 21 шілдедегі N 5
қаулысының
;
2) "Азаматтық заңнаманың негізін Қазақстан Республикасы төрелік соттарының қолдануымен байланысты кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының 1994 жылғы 21 шілдедегі N 6
қаулысының
;
3) "Төрелік соттарға даулардың ведомстволық бағыныстылығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының 1994 жылғы 21 шілдедегі N 7
қаулысының
;
4) "Мемлекеттік мүлікті жекешелендірумен және мемлекеттіліктен айыру туралы заңнамаларды қолданумен байланысты дауларды шешу тәжірибесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының 1995 жылғы 8 ақпандағы N 3
қаулысының
;
5) "Банк қызметімен байланысты дауларды шешу кезінде заңнамаларды Қазақстан Республикасы төрелік соттарының қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының 1995 жылғы 8 ақпандағы N 4
қаулысының
;
6) "Сапасы төмен тауарлар мен өнімдерді жеткізумен және сатумен байланысты дауларды шешу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының 1995 жылғы 8 ақпандағы N 5
қаулысының
;
7) "Кепілдік міндеттемелерімен байланысты дауларды шешу кезінде заңнамаларды қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының 1995 жылғы 4 тамыздағы N 4
қаулысының
күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының
4-бабына
сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ. Мәми
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы Ж. Бәйішев