Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400   қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: 
      көрсетілген қаулыға 24-қосымшада: 
      "Республикалық мемлекеттік мекемелер" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-жолмен толықтырылсын: 
      "9. "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты" мемлекеттік мекемесі. 
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов