Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 наурыздағы N 171 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы N 218 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 наурыздағы N 171  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Владимир Сергеевич Школьник" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі