"Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 9 нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 20 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 9 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 06.10.2017 № 9 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексінің қабылдануына және заңнамаға өзгерістер енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 9 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасында еңбек туралы" (әрі қарай - Еңбек туралы Заң) Заңының", "еңбек туралы Заңның", "еңбек туралы Заңмен" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің" (бұдан әрі – Еңбек кодексі)", "Еңбек кодексінің", "Еңбек кодексімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-тармақта :

      "Еңбек туралы Заңмен" деген сөздер "Еңбек кодексімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жеке", "(әрі қарай еңбек шарттары)" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Еңбек дауларын келісім комиссиялары және (немесе) соттар қарайды.

      Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі органдарға жұмысқа қайта алу туралы өтініш беру үшін жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актісінің көшірмесін алған күннен бастап үш ай мерзім, басқа еңбек даулары бойынша - қызметкер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл мерзім қарастырылған.

      Өтініш беру мерзімін сот даудағы тараптың арызы бойынша ғана қолданады.

      Еңбек кодексінің 172-бабында қарастырылған мерзімдер дәлелді себептер бойынша өткізіп алынғаны белгілі болған жағдайда сот шешімнің қарар бөлігіне ол туралы көрсетеді және дауды мәні бойынша шешеді.

      Егер сот талапкердің еңбек құқықтары бұзылғанын, бірақ ол Еңбек кодексінде қарастырылған өтініш беру мерзімін дәлелсіз себептер бойынша өткізіп алғанын анықтаса, онда шешімнің дәлелдеме-сипаттама бөлігінде осы құқықтардың бұзылғаны туралы көрсетеді және өтініш беру мерзімінің өткізіліп алуына байланысты талап арызды қараудан бас тартады.";

      4) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Еңбек кодексінің 38-бабына сәйкес, еңбек шарты оған тараптар қол қойған күннен не онда белгіленген күннен бастап күшіне енеді. Егер еңбек шарты тиісінше ресімделмесе, онда қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруға кірісуін қызметкер жұмысқа кіріскен күннен бастап есептеу керек.";

      5) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Еңбек кодексінің 59-бабының 2-тармағына сәйкес, қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған, біліктілігінің төмендігіне байланысты қызметкер лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес болмаған жағдайларда кәсіптік одақтың мүшесі болып табылатын қызметкермен еңбек шартын бұзу, сондай-ақ еңбек жағдайының өзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан бас тартуына орай еңбек шартын тоқтату ұжымдық шартта көзделген тәртіпте, осы ұйымның кәсіптік одағы органының дәлелді пікірі ескеріле отырып жүргізіледі.";

      6) 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Еңбек кодексінің 41-бабына орай, қызметкердің келісімімен еңбек шартына тиісті өзгерту енгізу арқылы қызметкердің басқа жұмысқа ауысуына жол беріледі.

      Егер бұл Еңбек кодексінің 41-бабының 1-тармағында қарастырылған өзгерістерге әкеліп соқпаса, қызметкердің осы ұйымдағы басқа жұмыс орнына немесе ұйымның сол жергілікті жердегі басқа құрылымдық бөлімшесіне ауысуы басқа жұмысқа ауысу болып табылмайды және қызметкердің келісімі талап етілмейді.

      Егер ұжымдық шартта ескертудің неғұрлым ұзақ мерзімі қарастырылмаса, еңбек жағдайы өзгерген кезде жұмыс беруші бір ай мерзімнен кешіктірмей қызметкерді жазбаша ескертуге міндетті. Егер қызметкер жаңа еңбек жағдайында жұмысын жалғастыруға келісім бермесе, сондай-ақ қызметкер денсаулығына байланысты басқа жұмысқа ауысудан жазбаша түрде бас тартса, онда тиісінше Еңбек кодексінің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында және Еңбек кодексінің 59-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшасында қарастырылған негіздер бойынша қызметкермен еңбек шарты бұзылады.";

      7) 10-тармақта :

      1) тармақшадағы "Еңбек туралы Заңның 26-бабының 1) және 2) тармақшаларымен және 28-бабының бірінші тармағымен" деген сөздер "Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында және 57-бабының 1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 6)-13), 16) тармақшаларында қарастырылған негіздер бойынша еңбек шарты бұзылған кезде жұмыстан босатылатыны туралы бір ай бұрын ескерту талап етілмейді.";

      8) 11-тармақта :

      бірінші абзацтағы ("Еңбек туралы Заңның 26-бабы 1) және 2) тармақшалары") деген сөздер ("Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары") деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "Еңбек туралы Заңның 24-бабына" деген сөздер "Еңбек кодексінің 49-бабына " деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 13-тармақтың бірінші абзацындағы "Еңбек туралы Заңның 26-бабының 3) тармақшасы бойынша" деген сөздер "Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 14-тармақта :

      бірінші абзацтағы "Еңбек туралы Заңның 26-бабының 8) тармақшасымен" деген сөздер "Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "Еңбек туралы Заңның 29-бабына сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;

      11) 15-тармақта :

      "Еңбек туралы Заңның 26-бабы 9)-12) тармақшаларында" деген сөздер "Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 6)-13) және 16) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1) тармақшадағы "Еңбек туралы Заңның 95-бабында" деген сөздер "Еңбек кодексінің 73-74-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "Еңбек туралы Заңның 30-бабының 2) тармақшасында" деген сөздер "Еңбек кодексінің 58-бабының 2) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 16-тармақта :

      3) тармақшадағы "үзіліспен" деген сөз алып тасталсын;

      4) тармақшадағы "Еңбек туралы Заңның 67-бабының" деген сөздер "Еңбек кодексінің 195-бабының " деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 17-тармақтағы ("Еңбек туралы Заңның 17, 20, 23-баптары") деген сөздер ("Еңбек кодексінің 41 , 43 , 45-баптары ") деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 19-тармақтың бірінші абзацындағы "жұмысқа" деген сөз "жұмыста" деген сөзбен, "келгені үшін" деген сөздер "болғаны үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 21-тармақтың біріншы абзацындағы "Еңбек туралы Заңның 26-бабының 10) тармақшасы бойынша" деген сөздер "Еңбек кодексінің 54-бабының 10) тармақшасы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 22-тармақтың бірінші абзацындағы "Еңбек туралы Заңның 26-бабының 11) тармақшасында" деген сөздер "Еңбек кодексінің 54-бабының 11) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 26-тармақта :

      бірінші абзацтағы "(бірақ үш айдан артық емес)" деген сөздер "(бірақ алты айдан аспайтын)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацта:

      бірінші сөйлемдегі "бірақ үш айдан артық емес" деген сөздер "бірақ алты айдан аспайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Сондай-ақ сот заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушінің (жеке тұлғаның) қызметінің тоқтатылуына байланысты тарату туралы шешім шыққан сәттен бастап, қызметкерді Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы бойынша жұмыстан босатылды деп таниды.";

      18) 28-тармақтың бірінші абзацындағы "Еңбек туралы Заңда" деген сөздер "Еңбек кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 30-тармақта :

      бірінші абзацтағы "Еңбек туралы Заңның 91-бабында" деген сөздер "Еңбек кодексінің 165 - 168-баптарында " деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші және үшінші абзацтар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ. Мәми

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев