"Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 19 қазандағы N 15 нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 16 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысымен

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы заңынан 20-баптың алып тасталуына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. "Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 3 нормативтік қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
       2-тармақ алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                             Қ. Мәми

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                              Ж. Бәйішев