Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 156 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 148 қаулысымен

      "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы фракциясының ұсынымдарын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы N 19-ө  өкіміне  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы фракциясының ұсынымдарын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:

Дүйсенова            - Қазақстан Республикасы Еңбек
Тамара Босымбекқызы    және халықты әлеуметтік қорғау
                       министрлігінің жауапты хатшысы

Нүсіпова             - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Әсем Бекқызы           сақтау вице-министрі;

      мына:

"Мамытбеков          - Қазақстан Республикасы Премьер-
Асылжан Сарыбайұлы     Министрінің Кеңсесі Басшысының
                       орынбасары"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Мамытбеков          - Қазақстан Республикасы Премьер-
Асылжан Сарыбайұлы     Министрінің Кеңсесі Басшысының
                       орынбасары, жетекшінің орынбасары";

      көрсетілген құрамнан Әбдіхалықова Гүлшара Наушақызы шығарылсын.

       Премьер-Министр