Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы N 108 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 ақпандағы N 150 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 747 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесетін республикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесетін облыстық комиссиялар құрсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                            2008 жылғы 15 ақпандағы
                                                N 143 қаулысына
                                                    қосымша

      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.18 N 595, 2009.02.26 N 223 Қаулысымен.

2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесетін республикалық комиссияның құрамы

Шөкеев                  - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы          орынбасары, төраға

Мешімбаева              - Қазақстан Республикасы Статистика
Анар Ертөлеуқызы          агенттігінің төрайымы, төрағаның
                          орынбасары

Қасенова                - Қазақстан Республикасы Статистика
Әсия Каналбайқызы         агенттігі Әлеуметтік және демографиялық
                          статистика департаментінің директоры,
                          хатшы

Жошыбаев                - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рәпіл Сейітханұлы         министрлігінің жауапты хатшысы
 
Коржова                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
Наталья Артемовна         министрлігінің жауапты хатшысы

Советский               - Қазақстан Республикасы Индустрия
Вячеслав Крестьянович     және сауда министрлігінің жауапты хатшысы

Әбди                    - Қазақстан Республикасы
Нұрлан Әбіқанұлы          Бәсекелестікті қорғау жөніндегі
                          агенттігінің (Монополияға қарсы
                          агенттік) жауапты хатшысы (келісім
                          бойынша)

Бірәлиев                - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Әлжан Хамидоллаұлы        ортаны қорғау вице-министрі

Вощенкова               - Қазақстан Республикасының
Тамара Анатольевна        Денсаулық сақтау вице-министрі

Майлыбаев               - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Бағлан Асаубайұлы         және ақпарат вице-министрі

Өскенбаев               - Қазақстан Республикасының Туризм
Қайырбек Айтбайұлы        және спорт вице-министрі

Федоров                 - Қазақстан Республикасының Ішкі
Олег Анатольевич          істер вице-министрі

Байсынов                - Қазақстан Республикасы Қаржы
Мұрат Байсынұлы           нарығын және қаржы ұйымдарын
                          реттеу мен қадағалау агенттігі
                          төрайымының орынбасары (келісім
                          бойынша)

Жарқынбаев              - Қазақстан Республикасы Табиғи
Жасер Әзімханұлы          монополияларды реттеу агенттігі
                          төрағасының орынбасары

Көмекбаев               - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Әли Амантайұлы            қызмет істері агенттігі
                          төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Айсағалиева             - Қазақстан Республикасы Қаржы
София Серікбайқызы        министрлігінің Кедендік бақылау
                          комитеті төрағасының орынбасары

Дәукенов                - Атырау облысы әкімінің бірінші
Болат Асылұлы             орынбасары

Смаилов                 - Солтүстік Қазақстан облысы
Жанболат Амангелдіұлы     әкімінің бірінші орынбасары

Әділбеков Дәурен        - Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Зекенұлы       

Қожаметов               - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
Сәбит Нұрмаханұлы        

Нұрқатова               - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
Сәру Қайыржанқызы

Скляр                   - Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Роман Васильевич                  

Әбденов                 - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Серік Сақбалдыұлы         халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Бекетаев                - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы         вице-министрі

Қуанғанов               - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Фархад Шаймұратұлы        вице-министрі

Құсайынов               - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы          бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Көтербеков              - Қазақстан Республикасының Көлік және
Дулат Қазистайұлы         коммуникация вице-министрі

Омаров                  - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Тобылбек Есенжолұлы       министрлігінің жауапты хатшысы

Ойнаров                 - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Азамат Рысқұлұлы          министрінің орынбасары

Сабдалин                - Қазақстан Республикасының Төтенше
Абылай Қиялұлы            жағдайлар вице-министрі

Әбілқанов               - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Амангелді Әнкешұлы        комитетінің Шекара қызметі директорының
                          орынбасары

Дүрмағамбетов           - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Ерлан Дмитрийұлы          байланыс агенттігі төрағасының орынбасары

Жампейісов              - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Амангелді Сүйімбайұлы     басқару агенттігі төрағасының орынбасары

Нұрланбаев              - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
Ерлан Құмарбекұлы         орынбасары

Тәкенов                 - Алматы облысы әкімінің орынбасары
Болат Долдайұлы

Камалиев                - Қарағанды облысы әкімінің бірінші
Берік Сайлауұлы           орынбасары

Мейстер                 - Қостанай облысы әкімінің бірінші
Виктор Викторович         орынбасары

Мұқашев                 - Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары
Мәулен Шапанбайұлы

Иманәлиев               - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Бақытбек Зүбайраұлы

Ноғаев                  - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Нұрлан Асқарұлы

Сәдуақасова             - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
Елдана Мәкінқызы          орынбасары

Жақсылықов              - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Тимур Мекешұлы

Тұрымов                 - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
Серікбай Өтелгенұлы

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2008 жылғы 15 ақпандағы 
N 143 қаулысымен   
бекітілген     

2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесетін республикалық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. 2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесетін республикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын (бұдан әрі - халық санағы) дайындауға және өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаулық мәселелерін шешу үшін құрылған.
      2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары

      4. Комиссияның негізгі міндеті халық санағын ұйымдастыру және өткізу кезінде туындайтын ұйымдастырушылық мәселелер мен проблемаларды шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      5. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес мыналарға құқылы:
      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін, сондай-ақ жеке тұлғаларын Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
      3) мемлекеттік және басқа да ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан заңнамада белгіленген тәртіппен Комиссия міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      6. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет пен Комиссия шығарған шешімдерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауап береді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары атқарады.
      7. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі болып табылады, ол Комиссия жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      8. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
      9. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер олар үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады, Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
      Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол, білдірілу жағдайында, жазбаша түрде баяндалуға және Комиссия хаттамасына қоса берілуге тиіс.
      10. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.