Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу қүқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Жану проблемалары институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кә

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 119 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Жану проблемалары институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Жану проблемалары институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
      2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгеріс бекітілсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 7 ақпандағы
N 119 қаулысымен  
бекітілген     

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгеріс

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі N 984  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 29, 326-құжат):
      көрсетілген қаулыға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесінде:
      реттік нөмірі 6-жол алынып тасталсын;

      3) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 700  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 27, 290-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген 1-бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-4-жолмен толықтырылсын:
      "16-4. Жану проблемалары институты";

      4) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.