"Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі N 1 нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 9 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысымен

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. "Жылу және электр қуаты үшін борышты өндірумен байланысты заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 9 нормативтік қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
       3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығы деп Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келісімінде көзделген тәртіппен туындаған және құқық иесінің жылжымайтын мүлікке иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын шектеуден көрінетін жылжымайтын мүлікке құқықты кез келген шектеуді түсінген жөн.".
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                            Қ. Мәми

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                             Ж. Бәйішев