Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. "Соттардың қылмыстық істер бойынша жеке қаулылар шығару тәжірибесі туралы"
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 11
нормативтік қаулысына
мынадай өзгеріс енгізілсін:
9-тармақтың
бірінші абзацындағы "он" деген сөз "он бес" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының
4-бабына
сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ. Мәми
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы Ж. Бәйішев