Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
"Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 9, 69-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінде:
3-тармақтың жетінші абзацы "жұмысынан айрылу" деген сөздерден кейін ", жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (қызды) (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылу" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталық - бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты еңбек ету қабілетінен айрылу және (немесе) жұмысынан айрылу жағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің он пайызы мөлшерінде, сондай-ақ жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (қызды) (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдердің он пайызы мөлшерінде;";
5-1-тармақтағы "27-1)" деген сандар алынып тасталсын;
15-тармақтың бірінші абзацындағы "анықтама-растама" деген сөздерден кейін "не осы салымшы бойынша барлық аударымдар көрсетілген салымшы қаражатының түсімі мен қозғалысы туралы Орталық берген мәліметтер" деген сөздермен толықтырылсын;
19-1-тармақтағы "жұмысынан айрылу" деген сөздерден кейін ", жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (қызды) (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылу" деген сөздермен толықтырылсын;
36-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айрылу және/немесе жұмысынан айрылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (қызды) (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған, аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдері.".
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі