Темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметтері, телекоммуникация және почта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 1286 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 238 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.01.21 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Кеден органдары алатын кеден алымдарының, алымдар мен төлемдердің ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі N 669  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 28, 277-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден органдары алатын кеден алымдарының, алымдар мен төлемдердің ставкаларында:
      мына:
      "Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған
      лицензия бергені үшін алымдар             20000 евро
 
        Ауданы мынадай еркін қойманы құруға
      арналған лицензия бергені үшін алымдар:
      1000 м2 дейін                             19000 евро
      1000м2 астам                              28000 евро"
      деген жолдар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі