Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204
қаулысына
мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II "Шығындар" бөлімінде:
10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:
09 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау мен жер қатынастары саласындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында:
212 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" әкімшісі бойынша:
001 "Агроөнеркәсіптік кешен, орман және су шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасында:
001 "Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасындағы "669647" деген сандар "686347" деген сандармен ауыстырылсын;
002 "Аумақтық органдардың аппараттары" кіші бағдарламасындағы "6147362" деген сандар "6130662" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі