Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының "Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы N 1174 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес Байғанин ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Халқының саны 50 адамнан кем Байғанин ауданының Жаңажол ауылдық округінің Нұржау ауылы, Жарқамыс ауылдық округінің Қалдайбек ауылы таратылсын.
      2. Байғанин ауданының әкімі таратылған ауылдардың жерлерін одан әрі пайдалануға байланысты мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдасын.
      3. "Ақтөбе облысының статистика басқармасы" ММ (А.Д.Мұқаев) жоғарыда аталған елдi мекендерді есептi деректерден шығарсын.
      4. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" ММ (М.Н.Жекеев) жер-кадастр құжаттарына тиісті өзгерістер енгізсін.
      5. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Облыс әкiмi
      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы