Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 22 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204
қаулысында
:
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
12 "Көлік және коммуникациялар" функционалдық тобында:
215 "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі" әкімшісі бойынша:
028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көлік инфрақұрылымын дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері" деген бағдарламасында:
"Астана қаласында N 12 - N 1 және N 12 көшелерінен N 19 көшеге дейінгі учаскеде Гастелло көшесін салу" деген жолда " N 12 -N 1 және N 12 көшелерінен N 19 көшеге дейінгі" деген сөздер "N 12 көшеден N 1 көшеге дейінгі және N 2 көшеден N 19 көшеге дейінгі" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
2) "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220
қаулысына
:
көрсетілген қаулыға
173-қосымшада
:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
5-бағанда:
"Семей СЖК" деген абзацтағы "415 мың текше м. көлемінде" деген сөздер "448 мың текше м. көлемінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Алматы облысы" деген абзацта "33 мың текше м. көлемінде тереңдету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстар" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 184-қосымшада:
4-тармақ "ірі қалалармен әуе бойынша қосу," деген сөздерден кейін "сондай-ақ Қазақстан Республикасының облыс орталықтарын қосу" деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
реттік нөмірі 1-жолда:
5-баған "Қарағанды - Өскемен - Қарағанды", "Қарағанды - Қызылорда - Қарағанды" деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақта:
Тікелей нәтиже мынадай редакцияда жазылсын:
"Тікелей нәтиже:
Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласын Қазақстанның облыс орталықтарымен және ірі қалаларымен қосатын жеті (7) авиабағыт;
үш (3) облыс орталығын өзара қосатын екі (2) авиабағыт бойынша тұрақты авиатасымалдарды қамтамасыз ету";
Түпкі нәтижедегі "65-70 пайыз" деген сөздер "астананы облыс орталықтарымен байланыс бойынша ұшуларды орындау кезінде 65-70 пайызға және облыс орталықтарын байланыс бойынша ұшуларды орындау кезінде 20-25 пайызға" деген сөздермен ауыстырылсын;
Қаржы-экономикалық нәтижедегі "100,0 млн. теңгені" деген сөздер "облыс орталықтарымен байланыс рейстерінде 100 млн. теңгені және облысаралық орталықтардың байланыс рейстерінде 10,58 млн. теңгені" деген сөздермен ауыстырылсын;
уақтылығындағы "7" деген сан "9" деген санмен ауыстырылсын.