Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы N 1077 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1127  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесінде:
      1-2-тармақтың 1) тармақшасында:
      "республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
      "осы мемлекеттік" деген сөздер "осы орталық атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі