Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1344 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы N 951 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 681 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2025 № 681 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1344 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 638-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:

      "Мынадай су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары, басқа да гидротехникалық құрылыстар)" деген І-бөлімде:

      1) тармақшадағы "Вячеслав" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 64), 65), 66) тармақшалармен толықтырылсын:

      "64) Шабақты өзеніндегі Ынталы су қоймасы;

      65) Күрті өзеніндегі Күрті су қоймасы;

      66) Чаглинка өзеніндегі Чаглинка су қоймасы.";

      "Мынадай су шаруашылығы құрылыстары" деген 2-бөлімде мынадай мазмұндағы 99), 100), 101), 102), 103), 104), 105), 106), 107), 108), 109), 110), 111) тармақшалармен толықтырылсын:

      "99) Солтүстік Арал теңізінің су тартқыш бөгеті;

      100) Белая өзеніндегі су тартқыш бөгеті;

      101) Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су тораптары;

      102) Краснобор су қоймасы;

      103) Шымбұлақ бөгеті;

      104) Сол жағалау және Оң жағалау магистральды каналдарымен Тасқұтан су тартқыш бөгеті;

      105) Құрақсу бөгеті;

      106) Кобяково - Забурунье каналының бас бөлігіндегі бөгет;

      107) Тоғыс су қоймасының қосымша су беретін Сол жағалау каналы;

      108) Бөген су қоймасының қосымша су беретін Арыс каналы;

      109) Базарбай магистральды каналы;

      110) Раис магистральды каналы;

      111) Қож магистральды каналы.";

      "Топтық су құбырлары" деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы 22), 23) тармақшалармен толықтырылсын:

      "22) Іле ауданындағы Бозой топтық су құбыры;

      23) Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген топтық су құбыры.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі