Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Оңтүстіксушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы жөніндегі Оңтүстік Қазақстан республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне Шардара су қоймасын құрылыстарымен

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 939 Қаулысы.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2025 № 681 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1344 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 638-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:

      "Мынадай су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары, басқа да гидротехникалық құрылыстар)" деген І-бөлімде:

      1) тармақшадағы "Вячеслав" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 64), 65), 66) тармақшалармен толықтырылсын:

      "64) Шабақты өзеніндегі Ынталы су қоймасы;

      65) Күрті өзеніндегі Күрті су қоймасы;

      66) Чаглинка өзеніндегі Чаглинка су қоймасы.";

      "Мынадай су шаруашылығы құрылыстары" деген 2-бөлімде мынадай мазмұндағы 99), 100), 101), 102), 103), 104), 105), 106), 107), 108), 109), 110), 111) тармақшалармен толықтырылсын:

      "99) Солтүстік Арал теңізінің су тартқыш бөгеті;

      100) Белая өзеніндегі су тартқыш бөгеті;

      101) Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су тораптары;

      102) Краснобор су қоймасы;

      103) Шымбұлақ бөгеті;

      104) Сол жағалау және Оң жағалау магистральды каналдарымен Тасқұтан су тартқыш бөгеті;

      105) Құрақсу бөгеті;

      106) Кобяково - Забурунье каналының бас бөлігіндегі бөгет;

      107) Тоғыс су қоймасының қосымша су беретін Сол жағалау каналы;

      108) Бөген су қоймасының қосымша су беретін Арыс каналы;

      109) Базарбай магистральды каналы;

      110) Раис магистральды каналы;

      111) Қож магистральды каналы.";

      "Топтық су құбырлары" деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы 22), 23) тармақшалармен толықтырылсын:

      "22) Іле ауданындағы Бозой топтық су құбыры;

      23) Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген топтық су құбыры.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі