Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 934 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы N 1070 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 568 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 тамыздағы N 778 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 330-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесінде:

      2-тармақта "орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының," деген сөздер алынып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Нормативтік құқықтық кесімнің Ереженің 2-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкестігін Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары айқындайды.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Нормативтік құқықтық кесім бірнеше мүдделі мемлекеттік органмен келісілген (қол қойылған) жағдайда, нормативтік құқықтық кесім мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен (қол қойған) күннен бастап екі апта ішінде мемлекеттік тіркеуге ұсынылады.";

      9-тармақ мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:

      "Нормативтік құқықтық кесімді қабылдаған орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда ілеспе хатта сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне дәлелді негіздеме келтіруге тиіс.";

      15-тармақтың бірінші абзацы "осы Ережеде" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу ережесінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      16-тармақта "3)" деген сан "4)" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі