Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2005 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы N 871 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 353 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 353 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешектердің проблемасын шешу жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2005 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 572-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөнінде тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның құрамына:

      Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары болып енгізілсін;

      көрсетілген құрамнан Супрун Виктор Васильевич шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі