Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 ақпандағы N 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 869 Қаулысы

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға 2007 жылға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 ақпандағы N 116  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтағы "22 000 000 000 (жиырма екі миллиард)" деген сөздермен "23 800 000 000 (жиырма үш миллиард сегіз жүз миллион)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі