Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы N 56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі N 812 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 мамырдағы № 516 Қаулысымен

      2007 жылғы 19 қыркүйекте Астана қаласында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімұлы Әшімовтің 90 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өткізілуіне байланысты:
      Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қабылдау өткізу орнын гүлмен безендіре отырып салтанатты қабылдау өткізуді 2007 жылға арналған респуликалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қамтамасыз етсін.

      Премьер-Министр