Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 1441 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қыркүйектегі N 794 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      2007 жылғы 19 қыркүйекте Астана қаласында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімұлы Әшімовтің 90 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өткізілуіне байланысты:
      Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қабылдау өткізу орнын гүлмен безендіре отырып салтанатты қабылдау өткізуді 2007 жылға арналған респуликалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қамтамасыз етсін.

      Премьер-Министр