Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "УЛ-154/4 мекемесі", "ЕЦ-166/13 мекемесі" мемлекеттік мекемелерін тарату және "Оңалту орталығы 1", "Оңалту орталығы 2" мемлекеттік мекемелерін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі N 783 Қаулысы

      "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен Астана қаласының жаңа әкімшілік орталығында қосымша қызметтік алаңдарды сатып алуға 5686452000 (бес миллиард алты жүз сексен алты миллион төрт жүз елу екі мың) теңге бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі