Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 тамыздағы N 730 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 422 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 383-ө  өкіміне  мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесіндегі:
      реттік нөмірі 24-жол алынып тасталсын.

       Премьер-Министр