Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық балаларды оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы N 723 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөнінде конкурстық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 365  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөніндегі конкурстық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Шолпанқұлов             - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Берік Шолпанқұлұлы        Қазынашылық комитеті төрайымының
                          орынбасары

Козлов                  - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Юрий Константинович       Үкіметтік қарыздарды тарту департаментінің
                          директоры

      мына:
"Ерғожин                - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Еділұлы            вице-министрі, төрағаның орынбасары

Ким                     - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Виссарион Валериевич      Жиынтық-талдау департаментінің директоры"
 

        деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
 
  "Ерғожин                - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Еділұлы            вице-министрі, төраға

Ким                     - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Виссарион Валериевич      Жиынтықтау-талдама департаментінің
                          директоры, төрағаның орынбасары";
      көрсетілген құрамнан Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы, Итеғұлов Марал Серғазыұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі