Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 тамыздағы N 696 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысымен

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 
2002 жылғы 16 мамырлдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ 
ЕТЕДІ :
      1. "Steinway&Sons", "Yamaha" фирмалары Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық
консерваториясы" мемлекеттік мекемесі үшін сатып алудың маңызды
стратегиялық мәні бар тауарларды (музыкалық аспаптарды) беруші
болып белгіленсін. 
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
заңнамада белгіленген тәртіппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалармен
тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді
жұмсау қағидатын сақтауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды
қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі