Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі N 751 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 627 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі N 695 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 25.10.2013 № 329 бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз.

      Тұтынушылардың электр қондырғыларын қосуға техникалық талаптар берудің мерзімдерін реттеу және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр тораптық ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы  N 314 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 1708 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің Бюллетенінде, 2002 ж., 25-28 нөмірлерінде жарияланған, "Электр желілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 314 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2004 жылғы 16 қыркүйектегі  N 222 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 3106 болып тіркелген, 2005 жылғы 18 қарашадағы N 150-151 (775) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр желілік  ережеде :
      125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "125. Жалғаным тәртіптері және оны атқарудың болжалды мерзімдері

Іс-қимылдар

Мерзімі 

Орындаушы

1. Ресми өтінімді беру 

0

Пайдаланушы

2. Жиынтық қуаты 1 МВт-қа дейінгі объектілер үшін пайдаланушы толық ақпарат берген жағдайда толық ұсыныс (техникалық шарт) беру

1 ай

Электржелілік компаниясы

3. Жиынтық қуаты 1 МВт-тан асатын (егер желіні күшейтуді талап етпесе) объектілер үшін пайдаланушы толық ақпарат берген жағдайда толық ұсыныс (техникалық шарт) беру

1,5 ай

Электржелілік компаниясы

4. Жиынтық қуаты 1 МВт-тан асатын (егер желіні күшейтуді талап еткенде) объектілер үшін пайдаланушы толық ақпарат берген жағдайда толық ұсыныс (техникалық шарт) беру

2 ай

Электржелілік компаниясы

5. Ұсынысты қабылдау

1 ай

Пайдаланушы

6. Келісімге қол қою

1 ай

Электржелілік компаниясы және Пайдаланушы

7. Қосылған объектіні қабылдау


Комиссия құрамы: Электржелілік компаниясы, Мемэнергоқадағалау комитетінің өкілдері, Бас мердігер, пайдаланушы

8. Қосуға рұқсат беру


Мемэнергоқадағалау
Комитеті

      133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "133. Қосылымға берілген өтінішке жауап ретінде электржелілік компания айрықшамалармен (Техникалық шарттармен) бірге қосылымға ұсыныстарды әзірлеуді бастауы және өтінушіге дайын ұсынысты осы Ереженің 125-тармағында көрсетілген мерзімде беруі тиіс.

      137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "137. Электр станциясын қосу ұсыныстарын даярлаған кезде электржелілік компания келесі шамаларды қарастыруы тиіс: әр-түрлі кернеудегі таратушы құрылғылар арасындағы ағындардың алдын ала мәні, өндіруші қондырғылардың кернеу сыныптары бойынша таралуы, қуат берудің электр түсімі және электр станциясынан шығатын әрбір кернеу сыныбының электр жеткізу желілерінің саны, электр энергиясының алмасу ағындарының сипаты мен көлемі";

      144-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "144. Пайдаланушының қосылымға ұсынысын қарау (қабылдау) осы Ереженің 125-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес қабылданады немесе тараптармен айқындалуы мүмкін";

      146-тармақтың бірінші сөйлемінде "алты айдың ішінде өтінушіге "объектіні электржелілік компанияға қосудың алдын ала ұсынысын" береді" деген сөздер "осы Ереженің 125-тармағында көрсетілген мерзімде өтінушіге объектіні электржелілік компанияға қосудың алдын ала Ұсынысын (алдын ала Техникалық шарттар) береді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-қосымшаның төртінші абзацында "110 кВ-тық" деген сөздерден кейін "және одан төмен" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр