Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Карантиндік объектілер және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1295 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 44, 440-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қарсы күрес жүргізу ісі республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантиндік объектілер тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының аумағында жоқ карантиндік маңызы бар, өсімдіктер зиянкестері, ауруларын қоздырғыштар және арамшөптер" деген бөлімдегі»"А.Өсімдіктер зиянкестері" деген ішкі бөлімде:
"Lymantria dispar L.(аsіаn rасе)" деген жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Dendroctonus micans (Кugelman)
Dendrolimus sibiricus Tschetw
Monochamus urussovi Fisch.
Monochamus sutot L
Monochamus galloprovincialis Oliv
Monochamus saltuarius Gebl.";
"Қазақстан Республикасының аумағында таралуы шектелген карантиндік объектілер" деген бөлімде "А.Өсімдіктер зиянкестері" деген ішкі бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Lymantria dispra (аsіаn rасе)
Myiopardalis pardalina".
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі