"Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 455 Қаулысы.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 1080 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словакия Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы N 1151  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақта "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Владимир Сергеевич Школьникке" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Анатолий Григорьевич Дерновойға" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі