"Қазтелерадио" және "Қазақстан телекоммуникациялары" (КАТЕЛКО) акционерлік қоғамдары директорлар кеңестері құрамдарының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы N 443 Қаулысы.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 1080 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі N 470  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 19, 243-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен тарату және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесінде:
      12-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі