Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 420 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 250 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңы 8-бабының л-4) тармақшасына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің және банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптар (бұдан әрі - Талаптар) бекітілсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасында шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде айырбастау пункттерінің жұмыс істеп тұрған үй-жайларын Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтірсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк Төрағасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы нарығы мен қаржы
      ұйымдарын реттеу және
      қадағалау агенттігі
      2007 жылғы 6 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      2007 жылғы 21 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі
      2007 жылғы 26 маусым

      Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2007 жылғы 28 мамырдағы  
N 56 қаулысымен бекітілген

Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі
Талаптар

     Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.  

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Талаптар екінші деңгейдегі банктердің (филиалдарын және олардың қосымша үй-жайларын қоса алғанда), банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың
филиалдарының үй-жайларын (бұдан әрі - Объект) күзету мен жайластыруды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       2. Объектілерді күзетуді "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңында (бұдан әрі - Күзет қызметі туралы заң) айқындалған күзет қызметін жүзеге асыратын субъект (бұдан әрі - Күзет субъектісі) жүзеге асыруы тиіс.

      3. Объектіні күзету жөніндегі Күзет субъектісінің қызметі Күзет қызметі туралы Заңмен , "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңымен , "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен , "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңымен , Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен, Қазақстан Республикасының бұйрықтарымен және басқа нормативтік құқықтық актілерімен, күзет қызметін көрсету шартымен, Объектідегі өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру ережесімен және осы Талаптармен реттеледі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       4. Күзет субъектілерінің қызметін бақылау функцияларын аумақтық ішкі істер органдарының мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшесі (бұдан әрі - мемлекеттік күзет қызметінің аумақтық бөлімшесі) жүзеге асырады.
      Күзет субъектілерінің қызметкерлері Объектідегі қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу барысында құқық қорғау органдарына міндетті түрде көмек көрсетуі тиіс.

2-тарау. Объектіні күзетуді ұйымдастыру

      5. Екінші деңгейдегі банктердің (филиалдарын және олардың қосымша үй-жайларын қоса алғанда) қарулы күзетпен күзетілуі және арнайы техникалық күзет құралдарымен жарақтандырылуы тиіс.

      6. Екінші деңгейдегі банктерді (филиалдарын және олардың қосымша үй-жайларын қоса алғанда) күзетуді жүзеге асыратын Күзет субъектілерінің функцияларын күзетілетін Объектінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Талаптарға сәйкес айқындайды, аумақтық ішкі істер органдарының басшыларымен келісіледі.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       7. Күзетілетін Объектіде қызметкерлердің және келушілердің кіру тәртібін айқындайтын өткізу және объектішілік режим белгіленуі тиіс. Өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру ережесін Объектінің басшысы бекітеді және Күзет субъектісінің Объектідегі өткізу және объектішілік режимнің орындалуын қамтамасыз ететін басшысымен келісіледі.

      8. Екінші деңгейдегі банктерді және олардың филиалдарын күзету және өткізу және объектішілік режимін қамтамасыз ету үшін арнайы жабдықталған және оқшауланған, қауіпсіздік жүйелерімен, арнайы күзет және байланыс техникалық құралдармен жарақтандырылған үй-жай көзделуі тиіс. Филиалдың қосымша үй-жайларда күзет үй-жайының болуы қажеттілігін екінші деңгейдегі банк айқындауы тиіс.

      9. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың филиалдарының үй-жайларында осы Талаптардың 39-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қарулы күзет постылары орнатылуы тиіс. Қарулы күзет постыларының функцияларын күзетілетін Объектінің бірінші басшысы айқындайды.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       10. Объектідегі күзет постыларының саны және олардың орналасқан жерін Объектінің және Күзет субъектісінің басшылары қызметкерлердің, клиенттердің және тауар-материалдық құндылықтардың қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуді ескере отырып айқындайды.     

3-тарау. Күзетілетін Объектілерді орталықтандырылған
бақылау пунктіне қабылдау және тапсыру тәртібі

      11. Объектілерді орталықтандырылған бақылау пунктіне күзетке қабылдау және тапсыру күзет қызметін көрсетуге арналған шарт негізінде жүргізіледі.
      Арнайы техникалық құралдар іске қосылған кезде әсер ету тәртібі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2288 тіркелген "Күзетілетін объектілерден, азаматтардың пәтерлерінен және меншіктің барлық нысандарындағы өзге де объектілерден Жедел басқару орталықтарына, Астана, Алматы қалаларының және облыстар ішкі істер департаменттерінің кезекші бөлімдеріне келіп түсетін дабыл белгілеріне қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылған полиция кешенді күштерінің ден қоюын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы N 280 бұйрығымен реттеледі.

      12. Орталықтандырылған бақылау пункті жоқ елді мекендерде Объектілерден күзет, дабыл сигнализациясының іске қосылуына әсер етуді ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері Күзет субъектісімен бірлесіп жүзеге асырады.

      13. Күзетке қабылданатын Объектіні комиссиялық тексеру мемлекеттік күзет қызметінің аумақтық бөлімшелерінің, күзет субъектісінің, орталықтандырылған бақылау пунктінің және күзетке қабылданған Объектінің өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

      14. Тексеру нәтижесі бойынша Объектінің күзетке қабылдау үшін дайындық дәрежесі айқындалады және осы Талаптардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тексеру актісі және жария етілмейтін коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер жасалады. Объектінің басшысы комиссияның қорытындысына сәйкес Объектіні техникалық нығайту, оны арнайы техникалық күзет құралдарымен жарақтандыру жөніндегі қажетті іс-шараларды орындайды.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      15. Объектіні техникалық нығайту және арнайы техникалық күзет құралдарымен жарақтандыру жөніндегі қажетті іс-шараларды орындалғаннан кейін осы Талаптардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша пайдалануға қабылдау актісі бекітіледі және күзет қызметін көрсету шарты жасалады.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

4-тарау. Үй-жайлардың банк операцияларын жүргізу үшін дайындық дәрежесі туралы қорытынды беру тәртібі

      Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      16. Объектінің үй-жайларының осы Талаптарға сәйкес келуі туралы қорытындыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) филиалы осы Талаптардың 2-1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша, Объектінің үй-жайларын тексеру нәтижесі негізінде береді.
      Тексеруді Ұлттық Банктің филиалы Объектінің өтініші немесе Ұлттық Банктің тапсырмасы бойынша жүргізеді.
      Қорытынды алу үшін үй-жайларға тексеру жүргізу туралы өтініш берген кезде өтініш беруші үй-жайды жалдау туралы шарттың немесе меншік құқығын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін беруі тиіс.
      Автоматтандырылған касса пайдаланылатын үй-жайларға тексеру жүргізілген кезде Тексеру актісінде автоматтандырылған касса бар үй-жайдың орналасуы туралы ақпарат көрсетіледі.
      Үй-жайларды тексеру нәтижесі бойынша осы Талаптардың 2-2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша Тексеру актісі жасалады.
      17. Қорытынды және тексеру актісі екі данада жасалады. Ұлттық Банктің тапсырмасы бойынша тексеру жүргізілген кезде қорытынды және тексеру актісі үш данада жасалады және өтініш берушіден өтініш түскен немесе Ұлттық Банктен тапсырма түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі. Қорытынды мен тексеру актісі бір данадан өтініш берушіге беріледі, бір данадан Ұлттық Банктің филиалында қалады, тексеру Ұлттық Банктің тапсырмасы бойынша жүргізілген кезде бір данадан Ұлттық Банкке жіберіледі.
      Тексеру актісіне үй-жайды тексерген тұлғалар қол қояды, Ұлттық Банк филиалының басшысы немесе оның орнындағы тұлға бекітеді және мөрмен куәландырылады.
      Ұлттық Банктің филиалының фирмалық бланкісіндегі қорытындыға филиал басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қояды және мөрмен куәландырылады.
      17-1. Үй-жайлардың осы Талаптарға сәйкес келуі туралы қорытындысы берілген үй-жайлардың орналасқан жері өзгерген кезде Объектінің басшысы күнтізбелік отыз күн ішінде Ұлттық Банкке хабарлайды және жаңа мекен-жайдағы үй-жайлардың осы Талаптарға сәйкес келуі туралы жаңа қорытынды алу үшін үй-жайларды жалдау туралы шарттың немесе меншік құқығын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін береді.
      17-2. Осы Талаптарға сәйкес үй-жайларға қойылатын талаптардың ауытқуына әкеп соғатын үй-жайларды қайта құру, қайта жайғастыру немесе өзге де жұмыстарды жүргізген кезде Объектінің басшысы көрсетілген жұмыстар аяқталған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде үй-жайлардың осы Талаптарға сәйкес келуі туралы жаңа қорытынды алу үшін үй-жайларға тексеру жүргізу туралы өтініш береді.
      Үй-жайлардың Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келуі туралы осы Талаптар қолданысқа енгізілгенге дейін берілген қорытынды, егер Объектінің осы Талаптар қолданысқа енгізілгенге дейін жобаланған, тұрғызылған үй-жайлары осы Талаптар қолданысқа енгізілгеннен кейін қайта құрылмаса, қайта жайғастырылмаса жаңа қорытынды алуды талап етпейді.

5-тарау. Өрт қауіпсіздігі жүйесі іске қосылған кездегі іс-қимылдар тәртібі

      18. Объектіде өрт қауіпсіздігі жүйесі іске қосылған және төтенше сипаттағы басқа жағдайлар туындаған жағдайда жасақ жетекшісі бұл туралы ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің кезекші бөліміне, өртке қарсы қызмет органның кезекші бөліміне жедел хабарлайды.

      19. Қоймада өрт болған, өрт қауіпсіздігі жүйесі іске қосылған және төтенше сипаттағы басқа жағдайлар туындаған жағдайда жасақ жетекшісі және орталықтандырылған бақылау пунктінің кезекшісі бұл туралы ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің кезекші бөліміне, өртке қарсы қызмет органның кезекші бөліміне жедел хабарлайды және Объектінің құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғаларға және басшыларына хабарлайды.
      Егер бар болса, қойманың есіктеріндегі мөрлердің тұтастығын құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғалар келгенге дейін бұзуға қатаң тыйым салынады. Қоймада өрт болған жағдайдағы іс-қимылдар тәртібін Объектінің жетекшісі, Күзет субъектісі әзірлейді және өртке қарсы қызмет органымен келісіледі.

      20. Құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғаларға хабарлау
мақсатында және олар Объектіге келген кезде күзет постысында және
орталықтандырылған бақылау пунктінде бірінші басшылардың және
құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды тұлғалардың тұратын мекен-жайлары, қызметтік және үй телефондары көрсетілген тізімдері сақталуы тиіс.

      21. Объектінің аумағына кедергісіз кіру және шығу тәртібі, сондай-ақ автокөліктің кіру және өртке қарсы қызмет органның бөлімшелері және ішкі істер органдарының бөлімшелері жасақтардың Объектіден шығу тәртібі Объектідегі өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру ережесінде нақты белгіленуі тиіс.

6-тарау. Күзетілетін Объектілерді техникалық нығайту жөніндегі техникалық талаптар

      22. Күзетілетін Объектілерді техникалық нығайту:
      1) тәртіп бұзушылықты анықтау және тыю үшін қажет уақытқа қылмыскерлердің кіріп кетуінен үй-жайларды;
      2) сақтауда жатқан ақшаны, оқ-дәрімен атылатын қару-жарақ пен оқ-дәрілерді және басқа да құндылықтарды бұзып кірудің білікті әдістерін пайдалана отырып жасалатын талан-тараждан;
      3) Объектілердің қызметкерлерін және келушілерді қарулы шабуылдан қорғауды қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы тиіс.

      23. Күзетілетін Объектінің басшылары техникалық нығайту және арнайы техникалық күзет құралдарымен, өрт қауіпсіздігі жүйелерімен жабдықтау жөніндегі іс-шаралардың міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етеді және мынадай негізгі ережелерді басшылыққа алуы тиіс:
      1) есіктердің, терезелердің және люктердің мықты және сенімді ілгектері, күршектері, ілмектері немесе ысырмалары болуы тиіс және рамалар мен есіктің қораптарына нығыздап орнатылуы тиіс. Беріктігі жағынан механикалық құлыптар мен ысырмалардан кем түспейтін және кіруді бақылау жүйесіне жататын электромеханикалық, электромагнитті құлыптар мен ысырмаларды пайдалануға болады;
      2) күзетілетін Объектінің бірінші қабатындағы терезе ойындылары металл торлармен нығайтылуы немесе брондалған әйнектеумен не болмаса балтамен кем дегенде 30-50 рет соғып, кісі сиятындай тесік жасауға төзімді арнайы қорғаныш пленкалармен жабдықталуы тиіс. Терезе рамасының конструкциясы брондалған болуы немесе қорғаныш пленкамен нығайтылған әйнектерді терезе ойындысының сырт жағынан бөлшектеу мүмкіндігіне жол бермеуі тиіс. Рамалардағы әйнектер кертпелерге тығыз бекітілуі тиіс. Аталған терезе ойындыларының рамалары жабылатын құрылғылармен жабдықталады. Іш жақтан рамаларды арнайы құрылғылармен (кілтпен, кіруді бақылау карточкаларымен және басқаларымен) ашуды оқшаулауға кеңес беріледі;
      3) үйдің басқа қабаттарының терезе ойындылары үйдің сәулет ерекшеліктеріне, үй-жайларда материалдық құндылықтардың болуына, олардың сақталу жағдайларына қарай және оларға рұқсатсыз кіру мүмкіндігін барынша болдырмауды ескере отырып, металл торлармен немесе қорғайтын пленкамен нығайтылады. Аталған үй-жайлардағы терезе ойындыларын нығайту қажеттігін Объектіні техникалық нығайтуды тексеру барысында, Ұлттық Банктің бөлімшелері, мемлекеттік күзет қызметінің аумақтық бөлімшелері, өрт қауіпсіздігі қызметі органы, Күзет субъектісі өкілдерінің қорытындысы негізінде Объектінің қызметкерлерінен тұратын комиссия анықтайды;
      4) негізгі (орталық) және қызметкерлерге арналған (аула жақтан), инкассацияға арналған кіретін жерлердің есіктері металдан жасалған торлы есіктермен қосымша жабдықталады. Аталған есіктер бейнебақылау құрылғыларымен, сөйлесетін құрылғылармен жабдықталады. Оқ өтпейтін материалдардан дайындалған, кіретін есіктерді, сондай-ақ оқ өтпейтін материалдардан дайындалған, ысырылып ашылатын есіктер жүйесімен тамбур құрайтын және электрондық басқарумен жасақталған автоматты шлюздік қауіпсіздік кабиналарын пайдалануға болады;
      5) жертөле мен шатырдағы үй-жайлардың есіктері (егер бар болса) тұтас металдан немесе беріктігі жағынан одан кем түспейтін және тиісті дәрежеде отқа төзімді басқа да материалдардан жасалған болуы тиіс. Есіктер міндетті түрде біреулер есікті бұзып немесе ашып кіру арқылы рұқсатсыз кірген кезде хабар беруді қамтамасыз ететін сигнализациямен жабдықталуы тиіс;
      6) бірінші қабаттың терезе ойындылары, сыртқы есіктер, шатыр мен жертөледегі үй-жайлардағы люктер күзет сигнализациясы құралдарымен, әйнек шағылғанын білдіретін датчиктермен (детекторлармен), қозғалыс детекторларымен және басқа датчиктермен оқшауланған болуы тиіс;
      7) үй-жайларда құрылыс, техникалық нығайту жұмыстарын жүргізу кезінде жасырын жұмыстарға жұмыстарды орындаушы, жұмыстарды орындаушының, күзетілетін Объектінің өкілдері қол қойған акт жасау қажет;
      8) үй-жайларда желдеткіш қораптар және диаметрі 200 миллиметрден (бұдан әрі - мм) асатын түтін шығатын мұржалар болған жағдайда, бұл үй-жайлардың қабырғалары желдеткіш қораптармен, диаметрі кем дегенде 10 мм және ұяшығының өлшемі көп дегенде 150x150 мм арматурадан жасалған металл торлармен шектелетін бүкіл ауданы бойынша ішкі жағынан нығайтылуы тиіс. Содан кейін қабырғалардағы нығайтылған орындар сылақпен сыланады. Торлар 80 мм тереңдікпен қабырғаға берік бекітілген диаметрі кем дегенде 12 мм. анкерлерге немесе қабырғаға жасалған 100x50x6 мм. болат конструкцияларға пісіріліп қосылады.

      24. Филиалдың кассалық операциялар жүргізуге байланысты емес қызмет көрсетуге арналған және филиал орналасқан жерден тыс орналасқан қосымша үй-жайын техникалық нығайту және арнайы техникалық құралдармен жарақтандыру Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) белгілеген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
      Филиалдың кассалық операциялар жүргізу үшін көзделген және филиал орналасқан жерден тыс орналасқан қосымша үй-жайлары осы Талаптардың 26-тармағының 4) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      25. Объектінің периметрі бойынша қоршау орнатылған жағдайда, қоршау мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) аумақтың қоршауы адамдардың бақылаусыз өтіп кетуіне және Объектіге әрі Объектіден автокөліктің бақылаусыз өтуіне кедергі келтіруі тиіс;
      2) аумақтың қоршауы қадағалауға және арнайы техникалық күзет құралдарын пайдалануға кедергі жасайтын артық иіндісіз және бұрылыссыз, түзу сызықты болуы тиіс;
      3) қоршауға оның периметрінің бір бөлігі болып табылатын үйлерден және күзет үй-жайларынан басқа қандай да бір жанама құрылыс және күзет үй-жайлары жақын орналаспауы тиіс, және де күзетілетін аумаққа шығатын бірінші қабаттың терезелері брондалған әйнектермен нығайтылуы немесе белгіленген үлгідегі металл торлармен жабдықталуы тиіс;
      4) сыртқы қоршаудың биіктігі кем дегенде 2 500 мм болуы тиіс;
      5) сыртқы қоршауда тесіктер, сынған жерлер, ақаулар, сондай-ақ жабылмайтын есіктер, қақпалар, шағын қақпалар және басқа да ашық жерлер болмауы тиіс;
      6) адамдардың және автокөліктің кіруін (шығуын) бақылау үшін бақылау-өткізу пункті орнатылады;
      7) бақылау-өткізу пункттерінің саны аз бола тұрып, қалыпты кіргізіп-шығару мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;
      8) бақылау-өткізу пункті адам өтетін (көлік өткізілетін) жерді ашу және жарық беру механизмдерін басқару құрылғыларымен, өткізу режимін реттеу құрылғыларымен (автоматтандырылған немесе қолмен жұмыс істейтін механикалық құрылғылармен, турникеттермен, қақпалармен), сондай-ақ қажет болған жағдайда, стационарлық және қолмен жұмыс істейтін тексеру құралдарымен жабдықталуы тиіс;
      9) көлік құралдарына арналған бақылау-өткізу пункті электр жетегі бар ысырылып немесе айқара ашылатын қақпалармен жабдықталады және алыстан басқарылады, апатты жағдайда қолмен ашу мүмкіндігі бар. Қақпалар ырықсыз немесе бақылаусыз ашудың (қозғалыстың) алдын алуға арналған шектеуіштермен немесе тежегіштермен жабдықталады;
      10) қақпаларды басқару пульты бөтен адамдар пультқа жолай алмайтын орындарда орналасуы тиіс.

      26. Үй-жайларды жобалаған, құрылысын жүргізген, қайта жөндеген, өзгерткен кезде мына талаптарды басшылыққа алу қажет:
      1) екінші деңгейдегі банктерде және олардың филиалдарында кассалық операциялар жүргізу үшін міндетті түрде касса торабы болуы тиіс;
      2) касса торабының үй-жайы қатаң түрде оқшаулануы тиіс. Касса торабы әдетте үйдің бірінші қабатында орналасуы тиіс;
      3) екінші деңгейдегі банктер мен филиалдардың касса торабында
мынадай негізгі үй-жайлар болуы тиіс:
      қойма (не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалымен және мемлекеттік күзет қызметінің аумақтық бөлімшелерімен келісім бойынша осы Талаптардың 37-тармағына сәйкес жабдықталған сейф бөлмесі);
      қойманың алдыңғы бөлмесі;
      операциялық касса - кіріс және/немесе шығыс және/немесе кіріс-шығыс және/немесе айырбастау кассасы;
      банкноталар мен монеталарды санау бойынша операцияларды орындаған жағдайда банкноталар мен монеталарды санау кассасы;
      кассалар қызметкерлеріне арналған шаруашылық-тұрмыстық бөлмелер;
      кешкі уақытта операциялар орындаған кезде кешкі касса - қойма, қойманың алдыңғы бөлмесі, операциялық касса (кабина).
      Кассалық операциялар тек автоматтандырылған касса пайдаланылып жүзеге асырылатын филиалдың үй-жайында операциялық кассаның болуы талап етілмейді;
      4) филиалдың кассалық операциялар жүргізуге арналған қосымша үй-жайына операциялық касса (кабина) және қойма (не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалымен және мемлекеттік күзет қызметінің аумақтық бөлімшелерімен келісім бойынша сейф бөлмесі); Құндылықтарды жұмыстан тыс уақытта (түскі үзіліс, жұмыстың аяқталуы) сақтауға жол бермейтін, құндылықтарды күнделікті инкассациялау ұйымдастырылған жағдайда, филиалдың қосымша үй-жайына қойманың немесе сейф бөлмесінің болуы талап етілмейді; Бұл ретте егер кассалық операциялар тек автоматтандырылған касса пайдаланылып жүзеге асырылатын болса, операциялық касса үй-жайының болуы да талап етілмейді      
      5) ұлттық почта операторының касса торабы екінші деңгейдегі банктерге (олардың филиалдарын, қосымша үй-жайларын, есеп айырысу-касса бөлімдерін қоса алғанда) ұсынылған талаптарға сәйкес жабдықталады;
      6) касса торабының үй-жайлары шоғырланып орналасуы тиіс, құндылықтарды тасымалдау бөтен адамдардың жұмыстарды және
құндылықтарды тасымалдауды қадағалауына мүмкіндік бермейтін ең қысқа
және қауіпсіз маршруттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс;
      7) касса торабы үй-жайларындағы дәліздердің, тамбурлардың және есік ойындыларының көлемі құндылықтарды көлемі 700x1200 мм., 500 килограмм жүк көтеретін шағын жүк арбаларымен тасымалдауды қамтамасыз етуі тиіс. Касса тораптарындағы еден деңгейлерінің ойлы-қырлы болуына жол берілмейді;
      8) касса торабының барлық үй-жайларының терезе ойындылары металл торлармен қорғалуы тиіс. Металл торлардың орнына брондалған әйнектерді немесе қорғаныш пленкаларды қолдануға рұқсат етіледі. Торлар өлшемі 150x150 мм. ұяшық құрайтын, диаметрі кем дегенде 16 мм. болат сымдардан жасалады. Сымдарды қиылысатын жерлерінде пісіру керек. Торлар металл конструкцияларға пісіріліп қосылады немесе 75x75x6 мм. металл бұрышпен жиектеледі және периметрі бойынша қабырғаның ішіне 80 мм. тереңдікпен берік жасалған диаметрі кем дегенде 12 мм. және ұзындығы 120 мм. болат анкерлерге немесе 100x50x6 мм. болат тақтадан жасалып, қоса салынған бөлшектерге қосылып пісірілуі тиіс. Анкерлердің саны әрбір жағында кем дегенде екіден болуы тиіс.
      Беріктігі және олар арқылы өтіп кету мүмкіндігі жағынан жоғарыда көрсетілген торлардан еш кем түспейтін сәндік торларды, қорғаныш жалюзилерді (ролеттер) қолдануға рұқсат етіледі.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      27. Қоймалардың үй-жайларына қойылатын талаптар:
      1) қойманың көлемі қазіргі және болашақтағы кассалық операциялар көлемін ескере отырып, жобалау тапсырмасымен белгіленеді және кем дегенде 9 шаршы метр болуы тиіс (бұдан әрі - шаршы м.);
      2) қойманың биіктігі еденнен төбеге дейін кем дегенде 2 500 мм. болуы тиіс;
      3) қойманың ішіне қоршап тұратын қабырғаларға жапсырылып, қалыңдығы 200 мм темірбетон қабаты орнатылады;
      4) қоймалардың қабырғалары қалыңдығы кем дегенде 380 мм. кірпіштен немесе беріктігі кірпішпен бірдей немесе одан да жоғары темірбетон қабырғалардан жасалады. Негізгі ішкі қабырғалар, сондай-ақ жертөлелердегі сыртқы қабырғалар, үйдің үшінші, төртінші қабатындағы қабырғалар бір мезгілде қоймалардың қабырғалары бола алады;
      5) үйдің сыртқы қабырғасы мен қойма қабырғасының арасында
бақылауға арналған ені 900-1200 мм. дәліз көздеген жөн. Жаңадан құрылатын касса торабын жобалаған кезде қойманың периметрі бойынша ені 900-1200 мм. бақылауға арналған дәліздер көздеген дұрыс;
      6) қоймалардың қабырғалары тек қана Объектінің ішкі үй-жайларының қабырғаларымен жапсарлас болуына болады;
      7) қойманың фундаменті бетоннан дайындалады және қалыңдығы кем дегенде 600 мм. болуы тиіс. Фундамент пен темірбетон қабатының арасында мықты гидроизоляция көзделеді. Қойманың астында техникалық еден асты қабатын және жертөлелер салуға жол берілмейді;
      8) қойманың қорғаныш аражабын конструкциялары қойманың ішкі монолит темірбетон қабаты және үйдің сыртының аражабын (жабын) плитасы болып табылады. Алайда, темірбетон қабатқа аражабын (жабын) плитасынан ауыр салмақ түспеуі тиіс;
      9) қойма қабатының үстіңгі беті қойма мен аражабын плитасының арасындағы кеңістікті бақылау мүмкін болуы үшін (жабын) плитасынан 250 мм. қашық тұруы тиіс;
      10) қоймалардың темірбетон қабаты фиброарматурланған темірбетоннан дайындалады. Темірбетон қабаты үшін 400-500 кг/шаршы см. маркалы бетон (400-500 маркалы портландцемент, граниттік немесе диабазалық ірілігі 15-20 мм ұсақ тас, модулі кем дегенде 2 мм құм) қолданылады.
      Қалыпты конустың шөгуі бойынша бетон қоспаның жылжуын тік элементтер үшін 40-60 мм.-ге және көлденең элементтер үшін 20-40 мм. тең деп қабылдау қажет.
      Фиброарматурлау диаметрі 0,5-1 мм сымнан немесе талшығының ұзындығы 30 мм-ге дейін болатын майы аз бұрын қолданылған болат арқандардан жасалған кесіндімен жүргізіледі.
      Бетонды қойған кезде вибраторлармен нығыздау керек, осыдан кейін бетонды қатыру және ылғалдау үшін 10 күн бойы температураға жағдай жасау керек.
      Темірбетон қабатының арматурасы диаметрі 16 мм А-ІІІ класты болаттан жасалған, 100x100 мм. ұяшығы бар, бір-бірінен 100 мм. қашықтықта параллель орналасқан екі металл тордан тұруы тиіс. Бір тордағы арматураның қиылысу торабы басқа тордың ұяшығының ортасына жапсарлас болуы тиіс;
      11) қойманың қабырғаларына плитка төселеді, төбесі майлы бояумен немесе су қосып езілетін эмульсиямен боялады, едендері металдан немесе бетон плиталардан жасалады;
      12) қоймалардың есіктері брондалған және қойманың қабырғасы арқылы кіруге болмайтын тәрізді, кіруден қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Қоймадағы брондалған есіктен басқа дәл сол ойықта 150x150 мм-ден аспайтын ұяшық құрайтын, диаметрі кем дегенде 16 мм болат сымдардан дайындалатын және әрбір қиылысқан жерінде пісірілетін ішкі торлы металл есік орналастырылады. Торлы есік периметрі бойынша 75x75x6 мм болат бұрышпен жиектеледі. Торлы есіктер құлыппен жабылуы тиіс. Торлы есіктің қорабы 75x75x6 мм болат бұрыштан жасалады, есік ойындысына диаметрі кем дегенде 16-18 мм, ұзындығы кем дегенде 120 мм болат "таутан" (балдақ) көмегімен бекітіледі, немесе электр дәнекерлегішпен дәнекерленеді;
      13) қоймаларды желдету оларда температураның 18-25 С және ауаның ылғалдылығы 45-60 пайыз болуын, сондай-ақ үш есе ауа алмасуын қамтамасыз ету қажет. Қоймалардан коммуникациялық құрылыстар (кабельдік трассалар, жылу жүретін, су жүретін трассалар және басқа да коммуникациялық трассалар) өтпеуі тиіс;
      14) механизация құралдарын және күзет сигнализациясын электр қуатына қоспас бұрын қоймалардың қабырғаларына салынған иілген металл тұрбалар түріндегі енгізу жолдары көзделуі тиіс. Қуат және әлсіз тоққа арналған кабель әр түрлі тұрбалардан өтуі тиіс. Енгізу жолдары саны және оларды орналастыру биіктігі орналастырылатын механизация кешендерінің санына байланысты анықталады. Пайдаланылмайтын енгізу жолдары тығындармен жабылады;
      15) қоймалар күзет және өрт қауіпсіздігі сигнализациясының
құралдарымен, автоматты түрде газбен өрт сөндіру қондырғыларымен,
қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталады;
      16) қоймаға кіретін жер - біреу, қойманың алдыңғы бөлмесі арқылы. Қоймаға терезелер қоюға рұқсат етілмейді;
      17) модульді түрдегі қойманы (сейфтік конструкцияны) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды орындау үшін аккредиттелген заңды тұлғаның сәйкестік сертификаты болған кезде пайдалануға рұқсат етіледі.
       Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      28. Қойма алдыңғы бөлмеге қойылатын талаптар:
      қойма алдындағы бөлме қоймаға тікелей жапсарласады және алаңы кем дегенде 10 шаршы м. болуы тиіс;
      қойма алдындағы бөлменің қабырғалары қалыңдығы кем дегенде 380 мм кірпіштен немесе беріктігі жағынан кірпішпен бірдей немесе одан да жоғары темірбетон қабырғалардан қаланады. Қойма алдыңғы бөлмеге терезелер қоюға рұқсат етілмейді;
      сорғышты қыздыру үшін қойма алдындағы бөлмеге соратын арнайы шкаф орнатылады.

      29. Кешкі касса үйіне қойылатын талаптар:
      1) кешкі касса үй-жайы санау кассаларына өте жақын орналасуы және бұл кассалармен, сондай-ақ инкассаторлық автомашиналарға құндылықтарды тиеп-түсіруге арналған бокспен ең қысқа және қолайлы қатынас болуы тиіс;
      2) кешкі кассаның қоймасы осы Талаптардың 27-тармағына сәйкес жобаланады. Кешкі касса қоймасының алаңы кассалық операциялардың қазіргі және болашақтағы көлемін ескере отырып жобалау тапсырмасымен белгіленеді. Кешкі касса қоймасы бұрын негізгі қабырғалары болған үй-жайларда орналасқан жағдайда, қабырғаларды, еденді және төбені диаметрі кем дегенде 16 мм болат сымдардан жасалған ұяшығы 150x150 мм-ден аспайтын және әрбір қиылысқан жерінде пісірілетін металл тормен бекіту керек. Кіретін есік металдан жасалуы, екі құлпы болуы тиіс. Тура сол ойықта диаметрі 16 мм болат сымнан жасалған, ұяшығы 150x150 мм-ден аспайтын торлы металл есік орнатылады;
      3) кешкі касса кассирінің кабинасы кешкі касса қоймасына тікелей жақын жерде орналасуы және кем дегенде 9 шаршы м. алаңы болуы тиіс. Кабина операциялық кассаларға қойылатын талаптарға сәйкес жабдықталады.
      Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       30. Санау кассасының үй-жайына қойылатын талаптар:
      1) санау кассалары екі бөлмеден:
      банкноталар санауға арналған;
      немесе монеталар санауға арналған бөлмеден тұруы тиіс;
      2) санау кассалары үй-жайларының көлемі қолма-қол ақшамен
операциялар ауқымының болашақта өсуін ескере отырып жобалау
тапсырмасымен белгіленеді. Бір қызметкерге арналған жұмыс алаңы кем
дегенде 4,5 шаршы м.;
      3) санау кассасы үй-жайларының қоймалардың алдыңғы бөлмелерінен және операциялық кассалардан құндылықтар тиелген шағын арбалар жүретін жолы аса қысқа және қолайлы болуы тиіс;
      4) санау кассаларының үй-жайларында табиғи жарық болуы тиіс, Жұмыс орындарындағы жарық кем дегенде 400 люкс болуы тиіс;
      5) монеталар санауға арналған санау кассалары үй-жайларының қабырғалары мен төбелері дыбыс жұтатын материалмен қапталуы тиіс.

      31. Операциялық касса (кабина) - шығыс, кіріс, кіріс-шығыс, айырбастау кассасының үй-жайына қойылатын талаптар:
      1) операциялық кассалардың (кабиналардың) құндылықтар тиеген арбаларды жылжытуға арналған жолы аса қысқа және қолайлы болуы тиіс;
      2) операциялық кассалардың (кабиналардың) саны қолма-қол ақшаны беру және қабылдау жөніндегі операцияларды жетілдіру ескеріле отырып, жобалау тапсырмасымен айқындалады;
      3) операциялық кассаның (кабинаның) ауданы кем дегенде 4 шаршы м. болуы тиіс. Операциялық кассалардың (кабиналардың) алдыңғы жағы операциялық залға қарауы тиіс, клиенттерге қызмет көрсететін операциялық кассалардың (кабиналардың) қолайлы орналасуын көздеу қажет;
      4) операциялық кассаның (кабинаның) кіретін есіктерінің ені 900 мм болуы тиіс;
      5) операциялық кассалар (кабиналар) электр жабдығымен жабдықталады;
      6) операциялық кассалардың (кабиналардың) ұзына бойына еденнен 1000-1150 мм. биіктікте құжаттар толтыруына арналған ені 300 - 500 мм. көлденең панель орнатылады;
      7) операциялық кассаның (кабинаның) алдыңғы бөлігі оқ өтпейтін материалдармен жабдықталуы тиіс, әйнектеу биіктігі ішіне көлденең салынған панельден кем дегенде 1000 мм брондалған әйнектен орындалады. Қорғанышты әйнектегенде қорғаныш пленкамен нығайтылған әйнектерді пайдалануға болады.
      Операциялық кассаның (кабинаның) қоршау конструкцияларының, бірнеше операциялық кассалардың (кабиналардың) сыртқы жиегінің, қорғаныш әйнектеудің жалпы биіктігі кем дегенде 2 000 мм болуы тиіс. Ірі қолма-қол ақша сомаларымен операциялар жүргізілетін кассада төтенше жағдайларда жарақаттау құралдарын лақтыруға мүмкіндік бермес үшін қорғаныш мақсатында әйнектелген жерден жоғары төбеге дейін бос кеңістік (саңылау) қалдырмаған жөн;
      8) операциялық кассаның (кабинаның) қорғаныш мақсатында әйнектелген жері клиентке кассирдің алынған (беретін) ақшаларды санау кезіндегі қимылын қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар, клиент немесе бөтен адамдар тарапынан операциялық кассаны көру аумағы перде, жалюзи құру, түсін өзгерту, соққыға қарсы тұра алатын арнайы пленкалар пайдалану арқылы шектелуі тиіс;
      9) операциялық кассаларды (кабиналарды) бөліп тұрған қоршау кассирдің үстелінен бастап кем дегенде 1000 мм. биіктікте әйнектелген және анық көрінетін болуы тиіс;
      10) операциялық кассалар (кабиналар) ақшаны және құжаттарды беруге арналған тасымалдағыш арнайы құрылғылармен (бункерлермен) немесе науалармен жабдықталуы тиіс. Олардың конструкциялары сырттан оқ атқан жағдайда, оқты қорғалатын аймаққа өткізбеуі тиіс. Құрылғыны қозғалысқа келтіру механизмі және оны тоқтату кассир жақтан жүргізілуі тиіс;
      Үлкен көлемдегі ақшаны беру үшін операциялық кассаның (кабинаның) төменгі бөлігінде іш жағынан жабылатын және беріктігі жағынан кабинаны қоршаған арнайы конструкцияларға сай келетін ойық (шлюз) жасауға рұқсат етіледі;
      11) ақша беруге арналған тасымалдағыш құрылғыны немесе науаларды пайдаланған жағдайда, әрбір операциялық кассада (кабинада) кассирдің клиентпен сөйлесуіне арналған сөйлесетін құрылғы көзделуі тиіс;
      12) қолма-қол ақшаның шағын сомаларымен, мысалы, коммуналдық төлемдер қабылдау бойынша операциялар жүргізілетін операциялық кассаның (кабинаның) қорғаныш әйнектерін, түсі өзгертілген әйнектен орындауға болады, жеткізіп беретін құрылғы немесе лотоктың орнына қорғаныш қабыршағы бар әйнектелген қоршауда 250x100 мм. өлшемдегі терезені немесе көлденең панельдегі ені 250 мм. биіктігі көп дегенде 100 мм. металмен қапталған ойықты пайдалануға болады. Бұл ретте, кассада ашу уақыты сақталатын (темпокасса) сейфтер пайдаланған жөн;
      13) операциялық кассаның (кабинаның) қолданылатын қорғанышты әйнектелуі, қоршау материалдары мен оқтан қорғайтын конструкцияларының немесе модульдік блоктарының Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды орындау үшін аккредиттелген заңды тұлғаның сәйкестік сертификаттары болуы тиіс;
      14) операциялық кассалар дабыл сигнализациясының кнопкаларымен жабдықталуы тиіс.
      Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      32. Клиенттердің ақша санауына арналған бөлмелерге қойылатын талаптар:
      1) клиенттердің ақша санауына арналған бөлмені бүйір жақта клиенттерге қолма-қол ақшаның ірі сомаларын беруге арналған терезесі бар операциялық кассалардың (кабиналардың) бірінің жанында орналастыру керек;
      2) клиенттердің ақша санауына арналған бөлменің жарығы жақсы  және бөтен адамдардың клиенттің қимылдарын қадағалауға мүмкіндік бермеуі тиіс.

      33. Касса торабының басқа да үй-жайлары:
      1) касса торабында, бірақ касса үй-жайларынан тыс, кассирдің жеке басының заттары мен киім-кешегін сақтауға арналған жеке шкафтармен жабдықталған үй-жай көзделген дұрыс;
      2) касса торабында санитарлық тораптар көзделуі тиіс;
      3) касса торабының кіретін жері екеу болуы тиіс; біреуі - банктің қызметтік үй-жайларынан шығып кіретін, екіншісі -  инкассаторлық машиналарды түсіруге және тиеуге арналған бокс үй-жайына ауланың ішкі жағынан кіретін есік;
      4) бокстың сыртқы өлшемі: ұзындығы - 7 500 мм, ені - 5 600 мм, биіктігі - 3 500 мм кем емес. Бокстың есігі құлыппен жабылуға тиіс.
      33-1. Осы Талаптардың 26 - 30, 32, 33-тармақтарында белгіленген талаптар осы Талаптар қолданысқа енгізілгенге дейін жобаланған, салынған және осы Талаптар қолданысқа енгізілгеннен кейін қайта құрылмаған, қайта жайғастырылмаған үй-жайларға да қолданылады.
      Ескерту. 33-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      33-2. Осы Талаптар қолданысқа енгізілгенге дейін жобаланған, салынған және осы Талаптар қолданысқа енгізілгеннен кейін қайта құрылмаған, қайта жайғастырылмаған операциялық кассалардың (кабиналардың) үй-жайлары мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) операциялық кассалар (кабиналар) қайта санау кассаларына тікелей жақын орналастырылады және құндылықтар салынған арбамен қауіпсіз тасымалдауға арналған жолдар болуы тиіс;
      2) операциялық кассалардың (кабиналардың) саны объектіні жобалауға арналған тапсырмамен анықталады;
      3) операциялық кассалардың (кабиналардың) алаңы 6 шаршы метрден кем болмауы тиіс;
      4) операциялық кассалардың (кабиналардың) шеті касса торабына шығып тұруы және клиенттердің кассаларға келуі үшін ыңғайлылығы қамтамасыз етілетіндей болып орналастырылуы тиіс;
      5) операциялық кассаларға (кабиналарға) кіретін есіктердің ені 900 мм болып, бекітілетін есікпен дербес дәлізге шығуы тиіс;
      6) әрбір операциялық касса (кабина) екі электр розеткасымен жабдықталады: біреуі үй-жайды жерге қосудың жалпы контурымен біріктірілген, жерге қосумен байланыстырылған, екіншісі - әдеттегідей;
      7) операциялық кассаларды (кабиналарды) жағалай бөгеулер орнатылады, еденнен 1000 мм биіктікте клиенттердің құжаттар толтыруы үшін ені 450 мм көлденең ағаш панель орнатылады;
      8) операциялық кассалар (кабиналар) биіктігі көлденең тұрғызылған панельден 1000 мм кем емес күңгірт шынымен әйнектелуі тиіс;
      9) әйнектелген қоршаудағы терезе клиентке ақша қабылдауды бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;
      10) операциялық кассалар (кабиналар) арасындағы қалқалар кассир үстелінің үстінен әйнектелуі және жақсы көрінетін болуы тиіс;
      11) құжаттарды және берілген сомаларды санау үшін бөгеу арнайы тасымалдағыш құрылғымен (бастапқы жағдайда кассир жақтан қол жеткізуге, клиенттер жақтан құжаттар мен ақша берген кезде ашық болатын механикалық қабылдағыш бункер) немесе ішкі жағынан жабылатын әйнектелген қоршаудағы тереземен жабдықталады.
      Ескерту. 33-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      34. Банктердің банкоматтары орналасқан үй:
      1) банкомат банктің үй-жайында немесе банктен тыс орналасқан үй-жайда орнатылуы мүмкін, сыртқы және ішкі қабырғаларға (тас, кірпіш, блок, бетон және қалыңдығы 500 мм. артық кеуекті темірбетон конструкцияларға немесе төзімділігі жоғарыда аталғандарға бара-бар материалдардан жасалған), оның ішінде қоршауларға немесе ол орналасқан жерге бірге орнатылуы (ойып орнатылуы) мүмкін;
      2) банкомат орналасқан оқшауланған үй-жайдың сыртқы есігі өте мықты, әрі құлыппен және есікті өзі жабатын құрылғымен (нығыздап жабу құрылғысымен) жарақтандырылуы тиіс;
      3) банкомат орналасқан үй-жайдың ішкі есігі өте мықты болуға тиіс (металл есік болғаны жөн), ойып орнатылған екі құлыппен, металл ысырмамен (ішінен салынған), көру терезесі немесе көзшемен жабдықталуы тиіс;
      4) банкомат орналасқан үй-жайдың әйнектелген ойындылары диаметрі 16 мм. және 150 х 150 мм. ұяшықтар жасай отырып, болат шыбықтардан жасалған металл торшалармен қорғалады. Төзімділігі жағынан жоғарыда аталғаннан кем болмайтын декоративті торларды орнатуға жол беріледі. Бронирленген әйнектерді, қорғаныш пленкаларды қолдануға да рұқсат етіледі. Бұл ретте рамалардың конструкциясы және оны ойындыға орнату тәсілі пайдаланылатын әйнектің беріктігіне тең немесе одан жоғары соққыға төзімділікті қамтамасыз етуге тиіс;
      5) банкоматты банктің ішінде орнату кезінде мынадай нұсқалар болуы мүмкін:
      банкомат операциялық залдың оқшауланған қоршауына ойып орнатылады. Бұл ретте банкоматты артқы жағынан толтырылатын етіп орнатқан жөн;
      банкомат операциялық залда банкоматты шолуға және бақылауға қолайлы жерде орналастырылады. Бұл жағдайда банкомат алдыңғы жағынан салынатын етіп орналастырылады.

      35. <*>
      Ескерту. 35-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

6-1-тарау. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізуге қажетті техникалық талаптар

      Ескерту. 6-1-тармаумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.     

       35-1. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу үшін екінші деңгейдегі банктің және қызметінің ерекше түрі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаның (бұдан әрі - инкассациялау операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға) мынадай оқшауланған үй-жайлары болуы тиіс:
      1) "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына сәйкес жабдықталған қызметтік қару-жарақты және оларға арналған оқ-дәріні сақтауға арналған үй-жай;
      2) қару-жарақты оқтау (оқтан босату) үй-жайы;
      3) инкассатор сөмкелерін (қапшықтарын) сақтауға және іріктеуге арналған үй-жай;
      4) басшының кабинеті;
      5) инкассация қызметі бойынша кезекшінің, нұсқау беру және маршрутқа шығуға дайындық үй-жайы (орны);
      6) қызметкерлердің кәсіби және қызметтік-жауынгерлік даярлық үй-жайы.
      Екінші деңгейдегі банкте және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда инкассацияланған ақша түсімін қабылдау бойынша кешкі касса болмаған жағдайда, инкассациялау операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаның банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды сақтайтын қоймасы (бұдан әрі - құндылықтар қоймасы) болуы тиіс.
      35-2. Екінші деңгейдегі банктің және инкассациялау операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаның барлық үй-жайлары бір-бірімен тікелей жақын орналасуы тиіс.
      35-3. Инкассатор автомашиналарының құндылықтарды алу (тапсыру) орнына келуі инкассаторлардың құндылықтармен жұмысын бөгде адамдардың бақылау мүмкіндігін болдырмауы, құндылықтар бар қоймаға жақын орналасқан тиеу-түсіру алаңы немесе инкассатор автомашинасын қоюға арналған арнайы бокс болуы тиіс.
      35-4. Қару-жарақты оқтау (оқтан босату) бөлмесіне қойылатын талаптар:
      1) қару-жарақты оқтау (оқтан босату) үй-жайының барлық қабырғалары қалыңдығы кемінде 40 мм болатын ағаш тақтайлармен қапталуы тиіс;
      2) үй-жайдың қабырғаларының біреуі оқ өтпейтіндей, қару-жарақты оқтауға/оқтан босатуға арналған құрылғысы болуы тиіс, оқтау (оқтан босату) қару-жарақтың ұңғысын оқ ұстап қалғышқа немесе құм толтырылған жәшікке қатаң түрде анықталған бағытта жасалуы тиіс;
      3) үй-жайда оқтау (оқтан босату) орнының көрсеткіші және қару-жарақты қолдану ережесі бар плакат болуы тиіс.
      35-5. Екінші деңгейдегі банкте және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда инкассацияланған ақша түсімін қабылдау бойынша кешкі касса болмаған жағдайда, инкассацияланған құндылықтар және инкассаторлар бригадасының қару-жарағы құндылықтар қоймасында сақталады.
      Құндылықтар қоймасы қоймаға қойылатын, осы Талаптардың 27-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес жабдықталады.
      35-6. Инкассация қызметі бойынша кезекшінің үй-жайында (орнында):
      1) қалалық телефон байланысы;
      2) маршрутта жүрген инкассация бригадасымен байланысқа арналған радиостанция немесе ұялы телефон байланысының құралы;
      3) құжаттамаларға арналған сейф немесе металл шкаф болуы тиіс.
      35-7. Инкассация қызметі қызметкерлерінің кәсіби және қызметтік үй-жайы қызметтік қару-жарақтың, жеке және техникалық қорғаныш, радио байланысы құралдарының, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың инкассациялау жөніндегі қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін зерделеу үшін жабдықталады.
      Үй-жайда қызметтік қару-жарақты нысанға көздеу және ату қимылдарын жаттықтыруға арналған тренажер орнатылады.
      Үй-жайда оқ-дәрімен атылатын қару-жарақ жөніндегі техникалық оқыту құралдары, көрнекі құралдар, стендтер болуы тиіс.
      Үй-жай инкассаторлар мен жүргізушілердің демалыс орны, инкассаторлардың резервтік бригадасы орналасатын орын ретінде пайдаланыла алады.

7-тарау. Объектілерді арнайы техникалық құралдармен жабдықтауға қойылатын техникалық талаптар

      36. Объектілердің үй-жайларын арнайы техникалық күзет құралдарымен жабдықтау кезінде мынадай талаптарды басшылыққа алған дұрыс:
      1) оларда құндылықтардың бар-жоғына қарамастан, үй-жайлардың сыртқы қабырғаларына жанасатын күзетілетін үй-жайлардың бірінші қабатындағы барлық үй-жайлар міндетті түрде қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталады. Екінші және келесі қабаттардағы қызметтік үй-жайлар оларда материалдық құндылықтардың болуын және оларға кіру мүмкіндіктерін негізге ала отырып, периметрі бойымен қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталады. Көрсетілген үй-жайлардағы терезе ойындыларын нығайтуды және оларды қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтауды Объектінің техникалық нығайтылуын тексеру барысында құрамында мемлекеттік күзет қызметінің аумақтық бөлімшесінің, Күзет субъектісінің, күзетілетін Объектінің өкілдері бар комиссия айқындайды;
      2) қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі жүйелері бөлек схемалар бойынша құрастырылады: күзет, өрт және дабыл;
      3) дабыл сигнализациясының педальдары, кнопкалары және басқа да құрылғылары міндетті түрде мына үй-жайларда:
      қоймада;
      кешкі кассаның қоймасында;
      қойма алдындағы бөлмеде;
      депозиттік құндылықтар қоймасында (депозитарийлерде);
      операциялық кассалар кассирлерінің, қайта санау кассаларының, шығыс, кіріс, айырбастау кассалары кассирлерінің жұмыс орындарында;
      басшының кабинетінде;
      бас бухгалтердің кабинетінде;
      кезекші инкассатордың жұмыс орнында;
      қару сақтайтын бөлмеде;
      кіру (шығу) есіктерінің алдында;
      солар арқылы қолма-қол ақша және құндылықтар тасымалданатын дәліздерде;
      әрбір күзет постында орнатылады;
      4) дабыл сигнализацияларының педальдары, кнопкалары және басқа да құрылғылары келушілерден жасырын орындарда орналастырылуы тиіс және сонымен бірге дабыл сигналын беретін адамның дабыл сигнализациясы құралын тез әрі қауіпсіз басуына жағдай жасауы тиіс. Жұмыс орындарында дабыл сигнализациялары орналастырылатын адамдарға міндетті түрде дабыл сигнализациясы құралдарын (педальдарды, кнопкаларды және басқа да құрылғыларды) пайдалану тәртібі және қандай жағдайларда пайдаланатыны туралы мұқият нұсқау берілуі тиіс;
      5) сигнал беру тәсіліне қарамастан дабыл сигналы орталықтандырылған бақылау пунктіне міндетті түрде шығарылады, ал техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда - ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің кезекші бөліміне шығарылады;
      6) қойманың, қойма алдындағы бөлменің, қару-жарақ бөлмесінің барлық шептері орталықтандырылған бақылау пунктіне міндетті түрде тәулік бойына қосылуға тиіс;
      7) ақша қоймалары, депозитарий кемінде үш тәуелсіз қорғау (күзет) шебімен жабдықталады;
      қойманың көлемі және ауданы (ультрадыбыстық және радиотолқындық датчиктер);
      сөрелер, сейфтер (ыдыс датчиктері), қабырғалар (діріл датчиктер);
      кіру ойындысы, сөрелерге және сейфтерге баратын жол (электрондық-сәуле датчиктері).
      Көрсетілген үй-жайлардың архитектуралық ерекшеліктеріне және оларда құндылықтардың болуына байланысты олар үштен артық тәуелсіз қорғау (күзет) шебімен жабдықталады.
      Әрбір күзет шебінде хабарлаушы ретінде қолданылу принципі бойынша әр түрлі күзет сигнализациясының датчиктері пайдаланылады.
      8) қойма алдындағы бөлме бір күзет шебімен жабдықталған болуға тиіс:
      бірінші шеп - үй-жайдың көлемі;
      Қойма алдындағы бөлмені екінші күзет шебімен жабдықтау ұсынылады - қойма алдындағы бөлме "ашуға" және "бұзуға" жабдықталады.
      9) кешкі кассаның қоймасы, қару-жарақ сақтау бөлмелері, басшылардың кабинеттері, құпия құжаттар бар бөлме кемінде екі күзет шебімен жабдықталуға тиіс:
      бірінші шеп - үй-жайдың алаңы, көлемі (ультрадыбыстық немесе радиотолқынды);
      екінші шеп - сейфтер және есіктер (сыйымдылық немесе электрондық-сәулелік);
      10) басқа үй-жайлардағы күзет шептерінің саны комиссиялық зерттеу барысында айқындалады;
      11) операциялық кассалар дабыл сигнализациясы құралдарымен: фиксациясы бар кнопкамен немесе педальмен жабдықталады. Дабыл сигналын беру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында операциялық кассаларда сонымен бір мезгілде кнопка және педаль орнату ұсынылады;
      12) нығыздау аппаратурасын және қабылдау-бақылау аспаптарын қоса алғанда, күзет сигнализациясы датчиктері күзетілетін үй-жайларда орнатылады. Техникалық күзет құралдарын орталықтандырылған бақылау пунктіне өткізу үшін қабылдау-бақылау аспаптарының желілік ажыратқыштары күзетке тапсырылатын үй-жайларға ғана орнатылады;
      13) қабылдау-бақылау аспаптарының (бақылау панельдерінің, пульттерінің) жарықтық және дыбыстық хабарлаушылары күзетілетін үй-жайдың сыртына, Күзет субъектісінің шолуына қол жететіндей орындарға шығарылуға тиіс;
      14) күзет шептерінің датчиктері шығарылған қабылдау-бақылау аспаптарының пульті клеммаларын қасақана "қысқартуды" болдырмау үшін
қабылдау-бақылау аспаптарын күзетілетін үй-жайлардан тыс жерлерге
орналастыруға үзілді-кесілді тыйым салынады. Қауіпсіздік жүйелеріне қызмет көрсететін арнайы ұйымның өкілдері барлық қабылдау-бақылау аспаптарын және арнайы техникалық күзет құралдарының тарату қораптарын пломбалайды немесе мөрлеп бекітеді;
      15) қауіпсіздік жүйелері міндетті түрде резервтік (автономды) электр қуаты көздерімен қамтамасыз етілуге тиіс;
      16) касса торабының үй-жайларын авариялық жарақтандыру резервтік қуат көздерінен немесе автономды қуат көздерінен (аккумуляторлар, дизель-генераторлар және басқалары) жүзеге асырылуға тиіс;
      17) ең жоғары қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету үшін Объектіде бейнебақылау жүйелері орнатылады;
      18) қажет болған жағдайларда күзет сигнализациялары және бейне бақылау жүйелері кіруді бақылау жүйелерімен біріктірілуі мүмкін;
      19) Объектіде Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшін ІІМ рұқсат еткен арнайы техникалық күзет құралдарын пайдалануға рұқсат етілді. Күзет сигнализациясының қандай да болмасын басқа аппаратурасын қолдануға ІІМ мемлекеттік күзет қызметінің аумақтық бөлімшенің келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі;
      20) ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің кезекші бөлімдері, орталықтандырылған бақылау пункттері бар елді мекендерде және күзетілетін үйде олардың әрқайсысында нығыздау аппаратураларын пайдалана отырып кемінде бес дербес телефон желісі болған жағдайда орталықтандырылған бақылау пунктіне касса торабы үй-жайының барлық күзет шептері, бақылау панелінің пультік шығысы, дабыл сингализациясы құралдары, кіру есігінің сигнализациясы қосылады;
      21) телефон желілерінің саны аз болған кезде орталықтандырылған бақылау пунктіне немесе ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің кезекші бөліміне бірінші кезекте қойманы, қойма алдындағы бөлмені, барлық кіру есіктерін, содан кейін қалған үй-жайларды күзету шептері қосылады.
      Орталықтандырылған бақылау пункті болмаған жағдайда ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің кезекші бөліміне арнайы техникалық күзет құралдары шығарылады;
      22) орталықтандырылған бақылау пунктіне немесе ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің кезекші бөліміне күзет және дабыл сигнализациясының кенет іске қосылғаны туралы сигналдарды беру үшін радио хабарлау құрылғыларын пайдалануға рұқсат етіледі;
      23) елді мекендерде ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің кезекші бөлімшелері болмаған жағдайда күзетілетін үй-жайлардан күзет, дабыл және өрт сигнализацияларының шлейфтері Объектінің күзет постына орнатылған қабылдау-бақылау аспаптарына, бақылау панеліне (пультке) шығарылады. Объектіден тәулік бойы кезекшілік жасайтын ұйымдарға (өрт бөлімшелері, әскери бөлімшелер, байланыс кәсіпорындары, Объект басшысының, учаскелік инспектордың пәтеріне) дабыл сигналдарын бұдан әрі беру мүмкіндігін көздеу ұсынылады. Бұл ретте Күзет субъектісінің, Объекті басшысының және лауазымды тұлғаларының "Дабыл" сигналы бойынша тәулік бойы кезекшілік жүргізілетін ұйымдардың өзара іс-қимылдары айқын
анықталған болуы тиіс.
      Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       37. Қолма-қол ақша қалдығын арнайы жабдықталған сейф бөлмесіндегі сейфтерде сақтауға рұқсат етіледі. Сейф бөлмесі құндылықтар қоймасы сияқты қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталады. Сейф бөлмелерінің алаңы онда орналастырылатын сейфтердің санын және жүргізілетін кассалық операциялардың қолайлылығын негізге ала отырып таңдалады. Сейф бөлмесінде басқа ұйымдармен ортақ қабырға болмауға тиіс. Үйдің немесе үй-жайдың сыртқы қабырғаларын сейф бөлмесінің қабырғасы ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді. Сейф бөлмесінің қабырғалары өте мықты, беріктігі жағынан қалыңдығы 380 мм. кірпіш немесе қалыңдығы 200 мм. кем болмайтын темірбетон қабырғалармен бара-бар болуға тиіс. Сейф бөлмесінің қабырғалары, төбесі және едені ішінен периметрін бойлай диаметрі 16 мм. кем емес болат шыбықтардан жасалған, 150x150 мм. ұяшықтар жасай отырып, әрбір қиылыста дәнекерленетін металл торлармен нығайтылады. Сейф бөлмесіне кіретін есік екі құлпы бар және металдан жасалған болуы және беріктігі жағынан сейф бөлмесінің қабырғаларына бара-бар болуға тиіс.

      38. Клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау үшін банктің касса торабының үй-жайынан тыс депозиттік құндылықтар қоймасы - депозитарий орнатылады. Депозитарийдің үй-жайы қоймаға арналған талаптарға сәйкес жабдықталады. Депозитарий сейфтермен, металл шкафтармен, сөрелермен және сейф ұяшықтарының арнайы блоктарымен жабдықталуға тиіс. Депозитарийдің үй-жайында немесе оған тікелей жанасатын үй-жайда клиенттер үшін құжаттармен және құндылықтармен жұмыс істеуге арналып оқшауланған кабиналар (кабина) жабдықталуға тиіс.

8-тарау. Объектілерді жабдықтауға және айырбастау
пункттерін жайластыруға қойылатын техникалық талаптар

      39. Банктің үй-жайында орналастырылған айырбастау пунктінде қарулы күзет постысын орнату қажеттілігін Объектінің басшысы айқындайды.
      Ескерту. 39-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       40. Күзет постындағы және кассирлердің жұмыс орындарындағы дабыл сигнализациясы құралдары орталықтандырылған бақылау пунктіне немесе ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің кезекші бөліміне қосылуы тиіс.

      41. Айырбастау пунктінің үй-жайы күзет және өрт сигнализациясы құралдарымен жабдықталады. Кассирдің жұмыс орны дабыл сигнализациясы құралдарымен жабдықталады. Дабыл сигнализациясы құралдарын орталықтандырылған бақылау пункттеріне қосу мүмкіндігі болмаған жағдайда үй-жайды Күзет субъектілерінің қарулы посты күзетуі мүмкін.

      42. Банктің, Ұлттық почта операторының бөлімшесінде, сауда ұйымында, қонақ үйлерде, әуежайда және өзге де үй-жайларда орналастырылған айырбастау пункттерінің үй-жайлары клиенттерден оқшауланған болуға тиіс. Үй-жай операциялық кассаларға қойылатын, осы Талаптардың 31-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес жабдықталады.
      Ескерту. 42-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      43. Бөлек орналасқан ғимаратта, әкімшілік үйлерде немесе тұрғын үйге жеке кіру есігі бар үй-жайда орналасқан айырбастау пунктін жайластыру осы Талаптардың 5-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Айырбастау пунктінің үй-жайын техникалық нығайту осы Талаптардың 23-тармағына сәйкес келуі тиіс.
      Айырбастау пунктінің касса кабинасы осы Талаптардың 31 -тармағына сәйкес келуі тиіс.
      Айырбастау пунктінің үй-жайына кіретін есік металдан жасалуы тиіс. Терезе ойындылары болған жағдайда олар металл торлармен қорғалған болуға тиіс. Брондалған әйнек немесе қорғаныш пленкаларды қолдануға жол беріледі. Торлар диаметрі 16 мм. кем емес, 150x150 мм. ұяшықтар жасай отырып, болат шыбықтардан дайындалады. Шыбықтар қиылысқан жерлерінде дәнекерленуге тиіс. Торлар металл конструкцияларға дәнекерлеп бекітілуге немесе 75x75x6 мм. металл бұрыштықтармен қоршалып, 80 мм. тереңдікте қабырғаға орнатылып, периметрін бойлай диаметрі 12 мм. кем емес және ұзындығы 120 мм. болат анкерлерге немесе 100x50x6 мм. болат жолақтардан жасалған қосарлана салатын тетіктерге дәнекерленеді. Анкерлердің ең аз саны әрбір жағында екеуден аз болмауға тиіс.
      Мықтылығы жағынан және оларды тесіп өтуі мүмкіндігі бойынша жоғарыда көрсетілген торлардан кем болмауға тиісті декоративтік торлар, қорғаныш жалюзилер қолдануға жол беріледі.
      Ескерту. 43-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

8-1-тарау. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 8-1-тармаумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       43-1. Объектілердің үй-жайларына қойылатын, осы Талаптарда көзделген талаптар үй-жайларды пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асырған кезде сақталуы тиіс.
      43-2. Осы Талаптардың сақталуын бақылау, сондай-ақ көрсетілген осы Талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген санкцияларды қолдану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Үй-жайларға қойылатын, осы Талаптарда көзделген талаптарды Объектілердің бұзуы анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ықпал ету шараларын Ұлттық Банктің филиалы қолданады.

                              Екінші деңгейдегі банктердің және банк
                                 операцияларының жекелеген түрлерін
                              жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын
                                күзету мен жайластыруды ұйымдастыру
                                         жөніндегі талаптарға
                                               1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Бекітемін                                 Бекітемін
Мемлекеттік күзет қызметінің              Объектінің басшысы
аумақтық бөлімшесінің                     __________________________
бастығы
____________________________
_____ жылғы "__" _________                _____ жылғы "__" _________
Мөр орны                                  Мөр орны

Бекітемін
Күзет субъектісінің басшысы
______ жылғы "__" _______
Мөр орны

Күзетке қабылданған ____________________________
                      (Объектінің атауы)

                               Тексеру актісі
______ жылғы "__" ______     ____________________
                            (елді мекеннің атауы)
Мынадай құрамдағы Комиссия: ________________________________________
___________________________________________________________________
                      (толық мекен-жайы)
________________ мекен-жайында орналасқан Объектіні тексерді
      Тексерумен мыналар анықталды:
      1. Үй-жайдың жалпы сипаттамасы және техникалық жай-күйі.
      1.1.Объект ___________________________________________________
                           (үй-жайды сипаттау)
орналасқан.
      1.2. Касса торабының, қоймалардың, қару сақталатын бөлмелердің
қабат бойынша орналасуы, олардың саны _____________________________.
      1.3. Объект үйіне жапсарлас немесе жақын орналасқан басқа
ғимараттардың немесе тұрғын үй қорының болуы ______________________.
      1.4. Нығайтылған есіктердің, терезе ойындыларының, люктердің,
желдеткіш шахталардың және басқа осал жерлердің болуы және саны
__________________________________________________________________.
      1.5. Үй-жайлардың техникалық нығайту талаптарына сәйкес келуі
__________________________________________________________________.
      1.6. Объектіде қарулы күзеттің болуы _______________________.
      1.7. Қызмет атқаруға арналған қызмет үй-жайының (қауіпсіздік
қызметінің, күзеттің бөлмелері) болуы _____________________________.
      1.8. Күзет үй-жайының сипаттамасы ___________________________.

      2. Байланыс құралдары (телефон, радио, факс және т.с).
      2.1. Ішкі істер органдарының кезекші бөлімдерімен тікелей
телефон желілерінің (радиоарналардың) болуы және саны _____________.
      2.2. Қалалық және жергілікті телефон нөмірлерінің саны
__________________________________________________________________.

      3. Арнайы техникалық күзет құралдары.
      3.1. Арнайы техникалық күзет құралдардың болуы және олардың
жұмысқа жарамдылығы _______________________________________________.
      3.2. Арнайы техникалық күзет құралдарының резервтік
(авариялық) қуаты көзінің болуы ___________________________________.
      4. Үйдің электротехникалық сипаттамасы.
      4.1. Жылыту түрі ____________________________________________.
                             (орталық, автономды)
      4.2. Электр қуат көзін ажыратуға арналған жалпы ажыратқыш және
оны орналастырған жер ____________________________________________.
      4.3. Электр сымының жай-күйі ________________________________.
                            (ҚНжЕ және ПУЭ талаптарына сәйкес келуі)
      4.4. Үйде резервтік (авариялық) қуаты көзінің болуы және оны
қосу жүйесі ________________________________________________________
                     (автоматты, қолмен қосылатын)
      5. Үйдің өрт-техникалық сипаттамасы.
      5.1. Автоматты түрде өрт сөндіру жүйесінің, сигнализациясының
болуы және оның жұмысқа жарамдылығы _______________________________.
                                     (газбен, көбікпен және т.с.)
      5.2. Өрт сөндіру құралдарының болуы _________________________.
      5.3. Жақын маңайдағы өрт сөндіруге арналған су қоймасының
болуы және ол орналастырылған жер _________________________________.
      6. Объектіден ішкі істер органдарының кезекші бөліміне
дейінгі қашықтығы ____ километр, жақын жердегі өрт сөндіру
бөлімшесінен ____ километр.
      7. Күзет постыларының саны __________________________________.
      8. Күзет постыларын белгілеу шешілгенге дейін мынадай
іс-шараларды жүргізу қажет:
      1) Техникалық нығайту бойынша _______________________________;
      2) Арнайы техникалық күзет және өрт қауіпсіздігі құралдарымен
жабдықтау бойынша _________________________________________________;
      3) Орындау мерзімдері _______________________________________;
      4) Жауапты орындаушы _____________.
      Комиссия мүшелерінің қолдары: __________________
                                    __________________
      Ескерту:
      1. Актіге міндетті түрде күзет, өрт және дабыл
сигнализациясының қабат бойынша схемасы, электрмен қуаттандыру және
орнатылған иженерлік-техникалық күзет құралдарын жерге жалғастыру
схемасы қоса берілу керек.
      2. Акт 3 дана жасалады:
      мемлекеттік Күзет қызметінің аумақтық бөлімшесінің басшысына;
      күзет субъектісінің басшысына;
      Объектінің басшысына.

                              Екінші деңгейдегі банктердің және банк
                                 операцияларының жекелеген түрлерін
                              жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын
                                күзету мен жайластыруды ұйымдастыру
                                         жөніндегі талаптарға
                                               2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Бекітемін                                 Бекітемін
Мемлекеттік күзет қызметінің              Объектінің басшысы
аумақтық бөлімшесінің                     __________________________
бастығы
____________________________
_____ жылғы "__" _________                _____ жылғы "__" _________
Мөр орны                                  Мөр орны

Арнайы техникалық күзет құралдарын пайдалануға қабылдау
АКТІСІ

____ жылғы "__" _____           _________________________
                                      (елді мекен)

      Мынадай құрамдағы Комиссия:
      1. Төрағасы ___________________________________
      2. Күзет субъектісінің өкілі ____________________
      3. Мемлекеттік күзет қызметінің өкілі ___________
      4. Құрастыру ұйымның өкілі ______________________
      5. Объектінің өкілі _____________________________
      комиссияның басқа мүшелері ______________________
      орнатылған арнайы техникалық күзет құралдарын техникалық
қабылдауды жүргізді.
      Күзет және дабыл сигнализациясы құралдарының барлық режимдегі
жұмысын тексеру және сынау кезінде мыналар белгіленді:
      1. Барлық құрастыру жұмыстары Тапсырыс берушінің жобасына
(___ жылғы "__" _____ N ___ тексеру актісіне) сәйкес орындалды.
      2. Объектіде мынадай арнайы техникалық күзет құралдар
орнатылған: _________________________________________.
      Сигнализация құралдарын сынау кезінде орнатылған сигнализация
барлық берілген режимде қалыпты жұмыс істейтіні белгіленді
(сигнализацияның жұмысы, құрастыру және ретке келтіру сапасы, сынау
нәтижесі және т.с. бойынша ескертулерді осы актіде көрсету қажет).
      Комиссия қаулы етеді:
      Орнатылған арнайы техникалық күзет құралдары пайдалануға толық
даяр деп саналсын және ___ жылғы "__" ___ бастап пайдалануға берілсін.
      Осы акт ___ дана етіп жасалды.
      Комиссия мүшелерінің қолдары: __________
      Арнайы техникалық күзет құралдарын
     _________________________ жылғы "__" ____ пайдалануға тапсырды
  (құрастыру ұйымының өкілі, қолы, мөрі)
 
       Арнайы техникалық күзет құралдарын
      ________________________ жылғы "__" ___ пайдалануға қабылдады
      (оператор ұйымның өкілі)

      Екінші деңгейдегі банктердің және  
банк операцияларының жекелеген   
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың 
үй-жайларын күзету мен жайластыруды 
ұйымдастыру жөніндегі талаптарға  
2-1-қосымша          

      Ескерту. 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.        

Қорытынды

______________________________________________ мына мекен-жай бойынша
        Ұлттық Банк бөлімшесінің атауы
__________________________________________________________ орналасқан
__________________________________________________________ үй-жайдың
                     Объектінің атауы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келесі нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келуіне тексеру жүргізді:
__________________________________________________________ __________________________________________________________ __________________________________________________________
________________________________________ мекен-жайы бойынша
орналасқан _______________________________________ үй-жайы
жоғарыда көрсетілген нормативтік актілердің талаптарына сәйкес келеді.

      Ұлттық Банк
      бөлімшесінің басшысы                 _______________
                                               Қолы

                                               Мөрдің орны

Екінші деңгейдегі банктердің және   
банк операцияларының жекелеген    
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың 
үй-жайларын күзету мен жайластыруды 
ұйымдастыру жөніндегі талаптарға    
2-2-қосымша             

      Ескерту. 2-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.  

"Бекітемін"            
Қазақстан Республикасының    
Ұлттық Банкі филиалының      
басшысы ______________________
      қолы, аты-жөні 
20__ жылғы ___ ___________   

Мөрдің орны  

______________________________________________
(объектінің атауы)
Тексеру актісі

Тексеру жүргізілген күн               Тексеру жүргізілген орын

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қызметкерлері ________________
_____________________________________________________________________
______________________________________________________ хаты негізінде
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________ мекен-жайға орналасқан Объектіге оның
      (толық мекен-жай)
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4817 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 56 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес келуіне тексеру жүргізді.
      Жалдау шарты, құқық белгілейтін құжаттар (16-тармақ) __________
_____________________________________________________________________

      Объектінің жалпы сипаттамасы (қабат саны, орналасқан жері және басқасы) (22-23-тармақтар) __________________________________________ _____________________________________________________________________
      Күзет постысының болуы (5-тармақ) _____________________________ _____________________________________________________________________
      Күзет үй-жайының болуы (8-тармақ) _____________________________
_____________________________________________________________________
      Аумақтың қоршауының болуы (25-тармақ) _________________________
_____________________________________________________________________
      Бақылау-өткізу пунктінің болуы (25-тармақтың 6) тармақшасы) ___
_____________________________________________________________________
      Оқшауланған кассалық тораптың болуы (26-тармақтың 2) тармақшасы) _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Қойма (27-тармақ) _____________________________________________
_____________________________________________________________________
      Қоймаға кіреберіс (28-тармақ) _________________________________
_____________________________________________________________________
      Операциялық касса (31-тармақ) _________________________________
_____________________________________________________________________
      Қайта санау кассасы (30-тармақ) _______________________________
_____________________________________________________________________
      Кешкі касса (26-тармақтың 3) тармақшасы, 29-тармақ) ___________
_____________________________________________________________________
      Касса қызметкерлеріне арналған шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар
(кассирлердің жеке заттары мен киімдерін сақтауға арналған шкафтармен
жабдықталған үй-жай), санитарлық торап (33-тармақ) __________________
_____________________________________________________________________
      Банкоматтарға арналған үй-жайдың болуы (34-тармақ) ____________
_____________________________________________________________________
      Инкассаторлық машиналардан жүк түсіруге немесе тиеуге арналған бокс үй-жайы немесе түсіру-тиеу алаңының болуы (35-тармақтың 7) тармақшасы, 33-тармақтың 4) тармақшасы ______________________________
_____________________________________________________________________
      Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау
операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың болуы (6-1-тарау) _____
_____________________________________________________________________
      Қару-жарақ сақтауға арналған үй-жай ___________________________
_____________________________________________________________________
      Оқтауға (оқтан босатуға) арналған үй-жай ______________________
_____________________________________________________________________
      Инкассатор сөмкелерін сақтауға және іріктеуге арналған үй-жай _
_____________________________________________________________________
      Басшының кабинеті _____________________________________________
_____________________________________________________________________
      Кезекшінің үй-жайы (орны) _____________________________________
_____________________________________________________________________
      Кәсіби және қызметтік-жауынгерлік үй-жайы _____________________
_____________________________________________________________________
      Терезе ойындылары, қорғаныш жалюзилер, ролеттер _______________
_____________________________________________________________________
      Жасырын жұмыстар актісі (23-тармақтың 7) тармақшасы) __________
_____________________________________________________________________
      Кассалық тораптағы желдеткіш (23-тармақтың 8) тармақшасы,
27-тармақтың 13) тармақшасы) ________________________________________
_____________________________________________________________________
      Қоймадағы өрт сигнализациясының, автоматты өрт сөндіру жүйелерінің құралдары (36-тармақ) ___________________________________
_____________________________________________________________________
      Депозитарийдің болуы (38-тармақ) ______________________________
_____________________________________________________________________
      Сертификаттардың болуы (31-тармақтың 13) тармақшасы) __________
_____________________________________________________________________
      Сигнализацияның техникалық құралдарын пайдалануға қабылдау
актісінің болуы және сәйкес келуі (15-тармақ) _______________________
_____________________________________________________________________
      Құндылықтарды инкассациялауды ұйымдастыру (26-тармақтың
4) тармақшасы) ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Ұлттық Банк бөлімшесі қызметкерінің қолы ______________________
____________________________________________________________________"

                                Екінші деңгейдегі банктердің, банк
                                 операцияларының жекелеген түрлерін
                              жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын
                                күзету мен жайластыруды ұйымдастыру
                                         жөніндегі нұсқаулыққа
                                               3-қосымша

Елді мекенде ОБП болмаған кезде банктерді
жабдықтаудың құрылымдық схемасы

      Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

                                Екінші деңгейдегі банктердің, банк
                                 операцияларының жекелеген түрлерін
                              жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын
                                күзету мен жайластыруды ұйымдастыру
                                         жөніндегі нұсқаулыққа
                                               4-қосымша

Күзетілетін үйде кемінде 5 телефон желісі болған кезде
банктерді өрттен күзету және дабыл сигнализациясы
құралдарымен жабдықтаудың құрылымдық схемасы

      Ескерту. 4-қосымша алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

                                Екінші деңгейдегі банктердің, банк
                                 операцияларының жекелеген түрлерін
                              жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын
                                күзету мен жайластыруды ұйымдастыру
                                         жөніндегі нұсқаулыққа
                                               5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Валюта айырбастау пунктінің үлгі схемасы

(Қағаз мәтініне қараңыз)