"Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу" жобасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 мамырдағы N 356 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, Атырау қаласы әкімиятының 2006 жылғы 1 желтоқсандағы N 338а қаулысы мен Атырау қалалық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 251 шешімі негізінде облыс әкімияты қаулы етеді және облыстық мәслихат шешім етті:
      1. Ауданы 48 гектар құрайтын "Ближний подхоз" ауылы Атырау қаласы Ақсай ауылдық округінің құрамынан шығарылып, Атырау қаласы аумағының құрамына енгізілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімінің 10.10.2014 № 315 және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 325-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың                  Облыс әкімі
      ХХV сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың хатшысы