Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі N 284 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 23-24, 228-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік нормативінде:

      реттік нөмірі 6-жолда:

      3-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы";

      4-баған "1" деген санмен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі