Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі 
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
      1.«"Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы"»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214 
қаулысына
 мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" деген 8-бөлімнің 3-бағанында:
      "28237 әскери бөлімі, соның ішінде әскери қызметшілер: олардың ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер" деген жолдағы»"630" деген сандар»"541" деген сандармен ауыстырылсын;
      "52859 әскери бөлімі, соның ішінде әскери қызметшілер: олардың ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер" деген жолдағы»"173" деген сандар»"143" деген сандармен ауыстырылсын;
      "68303 әскери бөлімі, соның ішінде әскери қызметшілер: олардың ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер" деген жолдағы»"126" деген сандар»"92" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      
Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі