Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы N 967 қаулысының күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 наурыздағы N 237 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы 

      "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537  өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 206-құжат; 2006 ж., N 10, 88-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған өкіммен белгіленген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына Сапарбаев Бердібек Машбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Комиссия мүшесі болып енгізілсін;
      көрсетілген Комиссияның құрамынан Б.Т.Сұлтанов шығарылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті