Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 наурыздағы N 197 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1229 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi:
      1) заңнамада белгiленген тәртiппен жарияланған жай акциялардың санын ұлғайту жолымен "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын 6000000000 (алты миллиард) теңге сомасына ұлғайтуды қамтамасыз етсiн;
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі