Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы N 178 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 530 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.08.2020 № 530 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) "Әлеуметтiк аударымдарды есептеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 25, 323-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Әлеуметтiк аударымдарды есептеу ережесiнде:

      18-1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "шот болмаған" деген сөздерден кейiн "немесе төлеушiнiң банктiк шотында (шоттарында) ақша жеткiлiксiз болған" деген сөздермен толықтырылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi