Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 ақпандағы N 120 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң  186-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасы бойынша Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң қарызы шеңберiнде "Қарлығаш" шаруа қожалығына берiлген кредит бойынша борышты "Алмас" шаруа қожалығына аудару жүзеге асырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен және "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Алмас" шаруа қожалығымен қосымша келiсiмдер жасассын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 N 465 Қаулысымен.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi