Қол қойылатын бонустардың бастапқы мөлшерiн белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы N 54 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға И.И.Рогов, Кеңес мүшелерi Х.Ә.Әбiшев, Қ.Ж.Балтабаев, Н.В.Белоруков, С.Ф.Бычкова, А.М.Нұрмағамбетов, Ү.М.Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi С.П.Нұғымановтың,
      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкiлi - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың,
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкiлi - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Н.Ә.Әбдiқановтың,
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң өкiлi - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының орынбасары М.Ә.Нұримановтың,
      Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы полициясы) өкiлi - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi агенттiк (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары Қ.П.Қожамжаровтың,
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң өкiлi - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Заң департаментiнiң бастығы Б.З.Әшитовтың қатысуымен,
      өзiнiң ашық отырысында Батыс Қазақстан облыстық сотының Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң  109-бабының  бiрiншi бөлiгiн конституциялық емес деп тану туралы ұсынысын қарады.
      Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы - Конституциялық Кеңестiң мүшесi С.Ф.Бычкованың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн, сондай-ақ сарапшыларды - заң ғылымдарының докторы, профессор, Д.А.Қонаев атындағы Университеттiң ректоры Ө.Қ.Қопабаевты және заң ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнiң ғылыми жұмыс жөнiндегi проректоры Б.Х.Төлеубекованы тыңдап,  Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi  мынаны

анықтады:

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне 2006 жылғы 27 желтоқсанда Батыс Қазақстан облыстық сотының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 206-I Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң (бұдан әрi - ҚIЖК)  109-бабының  бiрiншi бөлiгiн тұлғалардың анықтау, тергеу органдарының, прокурордың қылмыстық iс қозғау туралы қаулыларына сот тәртiбiмен шағымдану құқығын шектеу бөлiгiнде конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы келiп түстi.
      Ұсыныстан келiп шығатыны, Батыс Қазақстан облыстық сотының iс жүргiзуiнде Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi департаментi (қаржы полициясы) бастығының мiндетiн уақытша атқарушы А.А.Точилиннiң Орал қалалық сотының 2006 жылғы 2 қарашадағы қаулысына берген жеке шағымы жатыр. Осы шешiммен Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi департаментiнiң (қаржы полициясы) лауазымды тұлғаларының мемлекет қаржысын ұрлауы фактiсi бойынша қылмыстық iс қозғау туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментi тергеу бөлiмiнiң аса маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушiсiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы қаулысының күшiн жою туралы А.А.Точилиннiң шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған. Оны қабылдауға негiз болғаны, алдын-ала тергеу органының қылмыстық iс қозғау туралы қаулысына, Орал қалалық сотының пiкiрi бойынша, ҚIЖК  109-бабының  тәртiбiмен сотқа шағымдануға болмайды.
      Батыс Қазақстан облыстық соты, "қылмыстық қудалау органы қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарған сәттен бастап өзiне қатысты осы қаулы шығарылған тұлға, Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген өзiнiң құқығын, бостандығын, заңды мүдделерiн қылмыстық iс қозғау кезеңiнде барлық құрал-тәсiлдермен қорғау мүмкiншiлiгiнен айрылған", - деп пайымдайды.
      Осыған орай Батыс Қазақстан облыстық соты, "ҚIЖК-iнiң  109-бабының  бiрiншi бөлiгiнде белгiленген қылмыстық қудалау органдарының шағым берiлетiн iс-әрекеттерi мен шешiмдерiнiң тiзбесi А.А.Точилиннiң және Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясының өзге де лауазымды тұлғаларының Конституцияның  1,    12,   13,   14,   77-баптарында  баянды етiлген сот арқылы қорғалу құқығына нұқсан келтiредi", - деп есептейдi.
      Осы көрсетiлген негiздер бойынша Батыс Қазақстан облыстық соты Қазақстан Республикасы Конституциясының  78-бабына  сәйкес iс бойынша өндiрiстi тоқтата тұрып, ҚIЖК-iнiң  109-бабының  бiрiншi бөлiгiн конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiндi.
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң  109-бабы  бiрiншi бөлiгiнiң конституциялылығын тексеру кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны негiзге алды.

       1.  Қазақстан Республикасы Конституциясының  76-бабының  1-тармағына сай Қазақстан Республикасындағы сот билiгi "өзiне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды". Ол сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады (Конституцияның  75-бабының  2-тармағы).
      Негiзгi Заңның  13-бабының  2-тармағына сәйкес "әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар", бұл "кез келген адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтiру үшiн сотқа шағынуға құқығы бар екенiн бiлдiредi" (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1999 жылғы 29 наурыздағы N 7/2  қаулысы ). Сот арқылы қорғалу құқығы "адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына берiлетiн конституциялық кепiлдiк болып табылады, сондықтан Конституцияның  39-бабы  3-тармағына сай ешбiр жағдайда да шектелмеуге тиiс" (Конституциялық Кеңестiң 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1  қаулысы ).
      1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясының 8-бабында әркiмнiң де өзiне конституциямен немесе заңмен берiлген негiзгi құқықтары бұзылған жағдайда құзырлы ұлттық соттар арқылы құқықтары тиiмдi түрде қалпына келтiрiлуiне құқығы бар екенi паш етiлген.
      БҰҰ Бас Ассамблеясының 1966 жылғы 16 желтоқсандағы 2200A (ХХI) резолюциясымен қабылданып, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы N 91-III  Заңымен  ратификацияланған, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiге сәйкес "осы Пактiге қатысушы әрбiр мемлекет: а) осы пактiде танылатын құқықтары мен бостандықтары бұзылған кез келген тұлғаны, осы бұзушылықты ресми сипатта әрекет еткен тұлғалар жасаса да, құқықтық қорғалудың тиiмдi құралымен қамтамасыз етуге; b) құқықтық қорғалуды талап етушi кез келген тұлға үшiн құқықтық қорғалу құқығын құзырлы сот, әкiмшiлiк немесе заң шығарушылық билiк орындары немесе мемлекеттiң құқықтық жүйесiнде көзделген басқа бiр кез келген құзырлы орган белгiлеуiн қамтамасыз етуге және сот арқылы қорғалу мүмкiндiгiн дамытуға мiндеттенедi" (2-баптың 3-тармағы).
      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi өзiнiң қаулыларында, Негiзгi Заңның  13-бабының  2-тармағында көзделген әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы туралы конституциялық норманың мазмұны адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiрiлуiне әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкiн iс-әрекеттер мен шешiмдерге сотқа шағымдану құқығын да қамтитынын бiрнеше рет атап көрсеткен болатын (Конституциялық Кеңестiң 1998 жылғы 5 маусымдағы  N 3/2 , 1999 жылғы 29 наурыздағы  N 7/2 , 2003 жылғы 31 желтоқсандағы   N 13 қаулылары).
      Демек, Конституциядан әркiмнiң өзiнiң конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын соттар мен қылмыстық қудалау органдарының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы екендiгi келiп шығады. Бұл көрсетiлген құқықты заңмен регламенттеу оны қылмыстық процесс кезеңдерiнiң әрбiрiнде жүзеге асырудың процессуалдық механизмдерiн белгiлеудi бiлдiредi.

       2.  Әркiмнiң сот арқылы, соның iшiнде, соттардың, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының заң бұзылуына, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiрiлуiне әкеп соқтырған процессуалдық iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдану арқылы қорғалу құқығын бекiтетiн конституциялық нормалар қылмыстық iс жүргiзу заңында қылмыстық процестiң принциптерiнде берiлген (ҚIЖК-iнiң  12-бабының  бiрiншi бөлiгi,  31-бабының  бiрiншi бөлiгi). Бұл принциптер қылмыстық процестiң әртүрлi кезеңдерiнде процессуалдық iс-әрекеттер мен шешiмдерге шағымдануды регламенттейтiн нормалардың мазмұнын айқындайды.
      Қылмыстық iс қозғау, анықтау және алдын-ала тергеу, негiзгi мақсаты қылмыстық iстi сот талқылауына дайындаудан тұратын қылмыстық iс бойынша соттан алдыңғы өндiрiстiң мазмұнын құрайды. Сондықтан қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiнiң заңдылығын тексеру, негiзiнен, iстi сотта мән-жайы бойынша бұдан кейiн қарау кезiнде iске асырылады. Алайда процессуалдық iс-әрекеттер мен шешiмдер олардың шеңберiнен шығып кететiн салдарды туындататын болса, онда бұл көрсетiлген iс-әрекеттердiң (шешiмдердiң) заңдылығын тексерудi сот талқылауы кезеңiне дейiн қалдыра тұру жекелеген жағдайларда адамның және азаматтың нұқсан келтiрiлген құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiрудi қиындатады немесе оған мүмкiндiк бермейдi.
      Қаулы нысанында бiлдiрiлген, қылмыстық iс қозғау туралы процессуалдық шешiм алдын-ала тергеудi немесе анықтауды бастау үшiн құқықтық негiз болып табылады. Бұл ретте көрсетiлген қаулы тиiстi процессуалдық қатынастарды туындатып қана қоймай, оның қылмыстық iс бойынша бұдан кейiнгi өндiрiске байланысты адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейтiн салдары да болуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда, өзiне қатысты қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарылған тұлғаға осы қаулыға тез арада сотқа шағымдану мүмкiншiлiгiн бермеу оның құқықтары мен бостандықтарын сот тәртiбiмен қалпына келтiруге кедергi келтiредi.
      Сонымен бiрге, сот қылмыстық қудалау органының қылмыстық iс қозғау туралы қаулысына берiлген шағымды тексеру кезiнде,  ҚIЖК-iне  сәйкес қылмыстық iстi мән-жайы бойынша шешу кезiнде сот қарауының нысаны болып табылуы мүмкiн мәселелердi алдын-ала шешпеуге тиiс. Бұл жағдайда сот тексеруiн қылмыстық iс қозғау тәртiбiн реттейтiн заң нормаларының сақталуы мәселелерiн анықтаумен шектеген жөн.

       3.  ҚIЖК-iнiң  109-бабының  бiрiншi бөлiгiне сай "қылмыс туралы арызды қабылдаудан бас тартылуына немесе қылмыстық iс қозғаудан, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзуден, қылмыстық iстi тоқтата тұрудан немесе қысқартудан бас тартылған кезде оның осындай шағымын тиiстi прокурор қанағаттандырмай тастағаннан кейiн ол адам заңның бұзылуына сотқа жүгiнуге құқылы". Оның мазмұнынан келiп шығатыны, тұлға процессуалдық шешiмдердiң шектеулi қатарына шағым берiп сотқа жүгiне алады, мұндай шешiмдердiң iшiнде қылмыстық iс қозғау туралы қаулы айтылмаған. Алайда ҚIЖК-iнiң  109-бабының  бiрiншi бөлiгiнде қылмыстық iс қозғау туралы қаулыға сотқа шағымдануға тiкелей тыйым салатын және сол арқылы адамның және азаматтың сот арқылы қорғалуына деген конституциялық құқығын шектейтiн норма да жоқ.

      1998 жылғы 6 қазандағы N 7/2  қаулыда  Конституциялық Кеңес, нормативтiк құқықтық актiде адамның және азаматтың конституциялық құқығын баянды ететiн норманың болмауы, осындай актiнi конституциялық емес деп тануға негiз бола алмайды, деген құқықтық көзқарасты тұжырымдады.
      Осылайша, Конституциялық Кеңес ҚIЖК-iнiң  109-бабының  бiрiншi бөлiгiнде қылмыстық қудалау органының қылмыстық iс қозғау туралы қаулысына сотқа шағымдану құқығы туралы норманың болмауы оны Конституцияға сәйкес емес деп тануға әкеп соқтырмайды деп пайымдайды.
      Жазылғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының  72-бабының  2-тармағын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  17-бабы  4-тармағының 1) тармақшасын,  31-33 37-баптарын  және  41-бабы  1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып,  Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi

қаулы етедi:

       1.  Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 109-бабының бiрiншi бөлiгi Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

       2.  Қазақстан Республикасы Конституциясының  74-бабының  3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының  73-бабының  4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.

       3.  Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.

       Қазақстан Республикасы
      Конституциялық Кеңесiнiң
      Төрағасы