Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі N 431 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 1280 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 422 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексiне және "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235  қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi бойынша:
      көрсетiлген қаулыға  38-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрi 5-жолының 5-бағанында ", Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Астана қаласындағы iшкi аумағының асфальт жабындысын күрделi жөндеу" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрінің 
      міндетін атқарушы