Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы N 281 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы N 1240 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N 225 (2007 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205 Жарлығы  8-тармағының  5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық бюджетте»Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы N 281  қаулысына  мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджетте "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесінде:
      2-тармақта:
      бірінші абзац "Сыртқы істер министрінің" деген сөздерден кейін ", халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретінде жіберілетін, республикалық бюджет есебінен ұсталатын органдардың лауазымды тұлғаларының" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы тармақтың үшінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, өкілдік шығындарға:";

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретінде жіберілетін, республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының өкілдік шығындарына:
      1) автокөліктік қызмет көрсету;
      2) аудармашылардың қызметтеріне ақы төлеу жатады.";

      7-тармақтың бірінші абзацы "өкілдік мақсаттарға қаражат бөлу» деген сөздерден кейін ", сондай-ақ халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретінде жіберілетін, республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына автокөліктік қызмет   көрсетуге және аудармашылардың қызметтеріне ақы төлеуге қаражат   бөлу" деген сөздермен толықтырылсын;

      9-тармақтың бірінші абзацында "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер   министрінің шетелдік сапарлары" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың   лауазымды тұлғаларын халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретінде жіберу" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақтың екінші абзацы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары" деген сөздерден кейін ", республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын халықаралық байқау миссияларының құрамында шет   мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасының атынан   байқаушылар ретінде жіберу кезінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі