2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы»"Қорғас"»шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 1223 Қаулысы

      2005 жылғы 4 шілдеде Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы»"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімнің  45-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Владимир Сергеевич Школьникке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 20 желтоқсандағы  
N 1223 қаулысымен      
мақұлданған     

         Жоба         

  2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы»"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі 2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы»"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 45-бабының негізінде мыналардан тұратын өзгерістер мен толықтыру енгізуге келісті:

  1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1. Келісімнің 5-бабының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Орталықтың жалпы алаңы 5,28 ш. км. құрайды, оның ішінде қазақстандық бөлігінің алаңы - 1,85 ш. км, қытай бөлігінің алаңы - 3,43 ш. км.
      2. 9-бап мынадай абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының және Қытай Халық Республикасының шекара қызметтері Орталықтың қазақстандық және қытай бөліктерінің аумағындағы Тараптардың басқарушы органдарының жұмыс бабындағы кездесулеріне және үйлестіруге қатысушылардың, сарапшыларының және көлік құралдарының оңай өтуін қамтамасыз етеді.".
      3. Оның бұрынғы 1-қосымшасын ауыстыратын, осы Хаттамаға қосымша (Орталық аумағының географиялық координаталары, орналасу схемасы және шекара аумағы) Келісімнің 1-қосымшасы болып табылады.

  2-бап

      Осы Хаттама Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап күшіне енеді.

  3-бап

      Осы Хаттама Келісім қолданылатын мерзімде әрекет ететін болады.
      2006 жылғы "_________" желтоқсанда Пекин қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

Қазақстан Республикасының       Қытай Халық Республикасының
      Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін